• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН …

КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының арасында 2021-2023 жылдарға жасалатын Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің жобасы екіжақты комиссияның отырысында таныстырылып, талқыланды.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырованың төрағалығымен өткен комиссия отырысына алқалы органның мүшелері мен Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы ЕрұланМағзымбеков бастаған білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері мен заңгерлер қатысты.
Аталған келісім қызметкерлері кәсіподақ мүшелігімен қамтылған барлық білім беру ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылатындықтан тараптар келіссөз барысында Келісімнің педагогтар мен сала қызметкерлері үшін оңтайлы әрі мүмкіндігінше сапалы болуына үлкен мән беруде. Мазмұны талқыланып жатқан Келісімнің күші білім беруді басқару органдарына, білім және ғылым ұйымдарына, Білім басқармасының, кәсіподақтың құрамындағы ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлері арасында жасалатын ұжымдық шарттарға міндетті түрде енетін болды. Тараптардың шешімі бойынша осы Келісімнен туындайтын ережелер ең шекті немесе төменгі норма болып табылады, сондықтан қалалық және аудандық келісімдерді, сала ұйымдарындағы ұжымдық шарттарды жасағанда Келісімде қол жеткен кепілдіктер, жеңілдіктер мен әлеуметтік нормалар алынып тасталмайды немесе төмен бола алмайды.
Жалпы, жамбылдық ұстаздар мен білім саласында еңбектеніп жүрген қызметкерлер үшін құтты құжат болғалы отырған Келісім 13 тарау, 14 қосымшадан тұрады. Құжаттың негізгі мазмұны Еңбек кодексінен бастап барлық заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіподақ мүшесі болып табылатын сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға, оларға қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейді.
Құжаттың маңызы мен ерекшелігін ескере отырып, тараптар алдағы болатын отырыстарда аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен кәсіподақ ұйымының төрағалары, заңгерлер мен қаржы-шаруашылық мамандарының қатысуымен талқылау туралы шешім қабылдады. Осындайда халқымыздың ымыраласып, кеңесіп бастаған істе әрдайым қайыр болатынын еске салатын «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген даналығы еске түседі.



Б.Арманұлы,
Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Қар. 26, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты