• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІ…

КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІРЛІКТЕ!


Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбековпен «Кәсіподақ күші - бірлікте!» тақырыбында онлайн сұхбат өткізді.

Онлайн сұхбат барысында Ерұлан Сәбенұлы кәсіподақтың негізгі қызметі, мақсаты мен міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Облыста 65 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар екенін, жылына 8 мыңнан астам шағым-арыздар келіп түсетінін айтты. Сын сағатта кәсіподақ екі жақтың да мәселесіне баса назар аударып, екі жақты пікірді тыңдайтындарын, кәсіподақ төрағасы болу – көшбасшылықпен қатар мықты заңгер және мәмілегер екенін жеткізді. Ұжымдық және еңбек шарттарын талдап, жылына өтетін семинар-тренингтердің маңыздылығын атап, «Кәсіподақ үйірмесінің» жұмысын түсіндіріп, шалғай аудандарға кәсіподақтан шығатын «Еңбекші» газеті арқылы жаңалықтардың жеткізілетініне тоқталды.

Пандемия кезінде атқарылған жұмыстар, қайырымдылық шараларға тоқталып, медицина мен мәдениет қызметкерлерінің айлықтары көтерілген тұста мектептегі кітапханашылар мен мейірбикелердің айлықтары көбеймей, кәсіподақтың араласуымен ол санаттағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілгенін, соның өзінде 2-3 аудан бұл жұмыстан тысқары қалғанын жеткізді.
Ерұлан Сәбенұлы қоғамдық жұмыстардан тыс қалмай, бірнеше ұйымдардың жұмысына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жүрген азамат. Сұхбатта осы жайлы да кеңінен айтылып, балаларды тәрбиелеуде кітаптың алатын орны, оқудың маңыздылығы, парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдары жайлы ойларын жеткізді.

Праймеризге қатысып, үлкен додадан көп тәжірибе жинақтағанын, сайлауалды бағдарламаны да азаматтық ұстанымына сәйкес даярлағанын айтты. Оқырмандардан келген сауалдарға жауап беріп, соңғы оқыған кітаптары жайлы, көкейінде кәсіподаққа деген сұрағы бар азаматқа кәсіподақтың есігі айқара ашық екенін атап өтті.



Г.Алтынбекова,
Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Қар. 24, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты