• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БҚО БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМ…

БҚО БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ







Кәсіподақ ұйымы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы шеңберінде кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, келіссөздер жүргізуге, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасуға, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын – алу бойынша, сондай – ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс – қимылдарды ұйымдастыруға құқылы.



Осы мақсатта, Салалық кәсіподақтың Батыс Қазақстан облыстық ұйымы жылдық жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарындағы еңбек заңдылығының орындалуы мен сақталуына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Атқару комитетінің шешімімен кәсіподақ аппаратының қызметкерлері Қоғамдық бақылауды жүргізу Нұсқаулығының Жалпы Ережелеріне сәйкес, білім беру ұйымдарындағы Еңбек заңнамасының қадағалануына, кәсіподақ органдары қызметкерлерінің ұжымдық шарттары мен келісімдер жағдайларының орындауына тексеру жүргізіп, мәселелерді анықтады.

Атап айтқанда, 2020 жылдың қыркүйек – қазан айларында:


  • 16 – 17 қыркүйекте Сырым ауданы ЖББ Қ. Мырзалиев атындағы орта мектебі, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп – балабақша кешені, ЖББ Қазақстан бастауыш мектебі, ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп – балабақша кешені, ЖББ Аралтөбе орта мектептеріне;

  • 22 – 23 қыркүйекте Қаратөбе ауданының Үшағаш, Жосалы, Сулыкөл ауылдық білім беру мекемелеріне;
    21 – 22 қазанда Жәнібек ауданының Жасқайрат, Ақоба, Ұзынкөл ауылдық білім беру мекемелеріне,

  • 23 – 24 қазанда Бөкейордасы ауданының Бисен, Орда, Сайхын ауылдық білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.




Жұмыс барысында білім беру мекемесінің басшысы, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор және кадр жөніндегі іс-қағаз жүргізушінің қатысуымен еңбек шартының ҚР заңнамасына сәйкес болуы, ондағы жұмыс уақыты мен тынығу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы және оларды беру тәртібінің сақталуы қаралды.




Кейбір аудандық білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттарға енгізілуі тиіс толықтырулар мен өзгерістер (ҚР Еңбек Кодексінің – 112 бап, 138 бап) ұжымдарда таныстырылып хаттамаланғанымен, Батыс Қазақстан облыстық Еңбек инспекциясында мониторингтен өтпегені белгілі болды.




Сондай – ақ, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртіптемесі, еңбеккерлермен жасалған жеке еңбек шарттары қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рәсімделмегені анықталды.




Еңбеккерлердің жұмыс уақытының режимі мен демалыс уақыттары, штат кестесі бойынша бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек шарттары жасалмаған. Сондай – ақ, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртіптемесі, еңбеккерлермен жасалған жеке еңбек шарттары қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рәсімделмеген.




Қоғамдық бақылау жұмысы барысында кейбір аудандық білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттарға енгізілуі тиіс толықтырулар мен өзгерістер (ҚР Еңбек Кодексінің – 112 бап, 138 бап) ұжымдарда таныстырылып хаттамаланғанымен, Батыс Қазақстан облыстық Еңбек инспекциясында мониторингтен өтпеген.




Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығына қоғамдық бақылау жүргізу нәтижесі бойынша, еңбек шартын жасасу кезінде кейбір ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталмағаны және ұжымдық шарттарының қолданылу мерзімдері өткендігі анықталып, түзету шаралары жүргізіліп, ұжымдық шарттарын жаңартуға кеңес беріліп, мекеме басшыларына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97 бабының 3 тармағы бойынша ұжымдық шартта көрсетілген мідеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны ескерілді.




Білім беру ұйымдарындағы құрылған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес отырысында қабылданатын және төрағасы бекітетін жұмыс жоспарларына сәйкес өндірістік кеңестің шешімдері, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе және алғашқы нұсқама беруді тіркеу журналының толтырылуы мен рәсімделуі қаралды.




Сонымен қатар, білім беру ұйымында жеке еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиясының құрамы мекеме басшысының актісімен бекітіліп, ұжымға таныстырылуы туралы айтылды. Іс-қағаз жүргізушілерге құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.




Сырым ауданының Қ.Мырзалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне «Педагог мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңының 8-бабының 3 тарм., 3) тармақшасына сәйкес, «24 сағат: Мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін» Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі және Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысының 8-бөлімнің 20-тармағына сәйкес, тәрбиеші лауазымына штат бірлік белгіленгенімен тәрбиешілерге айлық жалақысы дұрыс төленбей отырғаны анықталған болатын.




Қазіргі таңда осы анықталған фактілер мен облыстық кәсіподақ ұйымына жазбаша және хабарлама арқылы түскен өтініштер бойынша Сырым аудандық жалпы орта білім беретін мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерінің және педагогикалық еңбек өтілі он жылдан астам, жоғары педагогикалық білімі бар бірінші немесе жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдерінің арнаулы орта білімі мен жоғары педагогикалық білімінің мамандықтары тиісті бейіні бойынша сәйкес келмейтіндігін негізге алып, еңбекақылары арнаулы орта білімі бойынша төленіп, мұғалімдердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін нақты шаралар қолданып, тиісті қайта есептеулер жүргізу арқылы төлем жасалуы туралы Сырым аудандық білім беру бөліміне хат жолданды. Аудандар бойынша көтеріліп отырған бұл мәселе министрлік тарапынан оң шешімі табылады деп күтілуде.




2020 жылдың қазан айында Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Ж.Досмухамедов атындағы орта мектеп – балабақша кешенінің «педагог – зерттеуші» санатына өткен мұғалімдері А. Каженова, Р.Қырықбаевалардың 2018 – 2019 оқу жылдарына төленбеген еңбекақыларын «Педагог зерттеуші» жоғары санатты мұғалімге теңестіріп, 5,41 коэффициентімен төлеуді міндеттеу туралы талаптары сотта қаралды.




Сотта Білім саласының Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы мұғалімдер мүддесін қорғады. Кәсіподақтың араласуымен іс мұғалімдердің пайдасына шешілді.








"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы" ҚБ



Жарияланған күні: Қар. 19, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты