• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚҚА РАХМЕТ!

КӘСІПОДАҚҚА РАХМЕТ!



Пандемияға байланысты мектеп тақтасын телефонға, борды клавиатураға алмастырған педагогтар қауымы тағы бір ерекше оқу тоқсанын артта қалдырды. Оқушыға да оңай соққан жоқ. Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының Қордай аудандық комитеті ұстаздар үшін «MERKE RADON» шипайжайына 3 күндік демалыс ұйымдастырды.

Демалыстың алғашқы күні шипажайдың тарихымен, ем алу мақсатында көрсетілетін қызмет түрлерімен танысып, құрамында химиялық радон элементі бар шипалы судың адам ағзасына тигізер пайдасымен танысқан экскурсия өтті. Түс ауа Шу, Сарысу және Т.Рысқұлов аудандарынан келген әріптестермен спорттық ойындар - арқан тарту, қаппен секіру, дартс, үстел теннисі, дойбы, шахмат, волейболдан жарыс өткізіп, көңіл көтердік. Волейболдан өткен жарыста Қордай ауданы жеңімпаз атанғанын ерекше атап өткім келеді. Осы күннің кешінде рояль жанындағы «Бірге ән шырқайық!» атты музыкалық кеш ұйымдастырылып, ұстаздар халық әндерін орындаудан өзара бәсекеге түстік.

Демалыстың келесі күні Меркі шатқалы мен үңгіртасқа саяхат жасап, радон суының шығып жатқан қайнар көзінде болдық. Сарысу мен Қордай ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторлары Мәулен Әбдіров пен Бауыржан Алпысбаев кәсіподақ мүшелерімен «тимбилдинг» ұйымдастырып, еңбек заңнамасына сәйкес «Жұмыс уақыты» мен «Тынығу уақыты» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың сұрақ-жауап бөлімінде белсенділігімен көзге түскен кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтар таратылды.

Демалыс турдың бағдарламасы бойынша кеш «Вечер у костра» атты іс-шарамен аяқталды. Барлық демалушылар достық алауын айнала гитарамен ән шырқап, кәуәп дайындады, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Демалушы ұстаздар алған әсерімен бөлісіп, шипажайдың керемет қонақжайлылығын атап өтті, осындай шараларды жиі ұйымдастыру туралы ұсыныстар да айтылды.

Демалыстың үшінші күні қаншалықты қызық, керемет болғанымен ертеңгі жұмыс күні ескеріліп, қимастықпен жолға шықтық. Шыңдарын қар басқан тау баурайында орналасқан шипажай «Сіздерді тағы күтеміз» дегендей артта қалып қоя берді. Осындай керемет көңіл-күй, ұмытылмас сәттер сыйлаған кәсіподаққа рахмет!




Э.ҚАЛЫБАЕВА,№27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш
кәсіподақ ұйымының төрайымы,Жамбыл облысы,Қордай ауданы


Жарияланған күні: Қар. 12, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты