• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДАҒЫ ЕҢ ПАРАС…

ЖАМБЫЛДАҒЫ ЕҢ ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ


Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және облыстық білім басқармасының бірлесіп өткізген «Парасатты отбасы» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Екінші жыл қатарынан отбасы құндылықтарын насихаттауғаарналған байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өтті.


Байқауға түрлі салада қызмет атқаратын 9717 отбасы қатысқан. Өңірдегі бірегей байқау 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңнен соң 432 отбасы іріктеліп, екінші кезеңге 144 жұмыс жолданды. Облыстық кезеңде үздік деп танылған 19 отбасы 11 номинация бойынша жеңімпаз атанды. Бұл отбасылар өздері ұсынған жұмыстарында байқау шартына сай қоғамның негізін қалайтын отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелеріарасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, парасатты тұлғаны дамыту құндылықтарын әспеттеп, көрсете білген.


Байқаудың бас жүлдесі - «Парасатты отбасы» номинациясын Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебінің Әбілдаевтар отбасы иеленді. Тәжіғұл Әбілдаев облыстығы ең ірі кәсіпорын «Казфосфат» ЖШС еңбек етеді. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Бауырмалдық пен қайырымдылық, бүгінгі күннің парасатты тұлғасын айқындау – Әбілдаевтар отбасының негізгі ұстанымы. Жеңімпаз отбасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев марапаттап, бағалы сыйлық ұсынды.


«Өндірістегі үздік отбасы» номинациясымен үш отбасы марапатталды. Алғашқысы - Шу ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің Үркімбаевтар отбасы. Отбасында 3 бала тәрбиеленеді. Бұл жанұяны «механизаторлар әулеті» деп атауға негіз бар. Себебі, 50 жылға жуық үлкен абыроймен атадан балаға бұл кәсіп жалғасып келуде. Кейінгілері Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің Сағымбековтар отбасы мен Меркі ауданы №44 орта мектебінің Хамировтар отбасы. Әр жанұяда 4 баладан тәрбиеленуде. Байқауға төрелік жасаған қазылар алқасының мүшесі, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков отбасы мүшелерін жеңістерімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.


Келесі бір марапат отбасында 4 бала тәрбиеленіп отырған Байзақ ауданындағы Бейсенбаевтар мен 5 бала өсіріп отырған Жамбыл ауданындағы Қыпшақбаевтар отбасына бұйырды. Отбасылардың барлық мүшесі он саусағынан өнер тамған – шеберлер. Еңбек тәрбиесі арқылы жастар мен жасөспірімдерді елжандылыққа, туған өлкені қастерлеуге тәрбиелеу – отбасылардың ең басты ұстанымы болып табылады. «Шеберлер отбасы» номинациясы жеңімпаздарынКәсіподақтың Біріккен комитетінің төрағасы Жанболат Орынбеков марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.


Мұнан бөлек байқаудың қазылар алқасы үздік деп таныған жанұялар «Көптілді отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы» номинациялары бойынша диплом мен бағалы сыйлықтарғаие болды.


Перизат БАҚЫТ,ЖАМБЫЛ облысы

Жарияланған күні: Қар. 6, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты