АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ
Жақсы адам туралы қалай айтса жарасады? Жай адам туралы емес – нағыз кәсіпқой, нағыз көшбасшы болса ше?
Әр адам мамандықты қалай, қашан таңдайды? Кім кімді таңдайды: біз-мамандықты ма әлде ол бізді таба ма?
Жол жүргенге қысқарады дейді. Кейде алғашқы қадам жасау өте қиын. Мамандықты енді ғана игерген жас бойжеткен. Өзі сұлу, белсенді, комсомол мүшесі – бәрі сонау кеңестік жетпісінші жылдардағыдай. Нина Валентиновна Скарзова дегеннің өзіне құлақ үйренбеген, біртүрлі естілетіндей.
Сонау 1970 жылы, оның өмірі жаңа ғана көшіп келген қаламен тығыз байланысты болады деп кім ойлаған? Шахтинск - шахтерлар қаласы. Тік мінезді, ойлағандарын «бетке» айтатын бірбеткей адамдар. Осындай адамдардың арасында жүріп, өзіңнің де өзгергеніңді байқайсың: жосықсыздыққа орын жоқ,әділдікке қол жеткізу керек.
Нина Валентиновна да өз мамандығын меңгеріп, отбасына қамқор болды, моральдық және кәсіби жағынан өсті. Уақыт зымырап өтіп жатты...
Нина Валентиновна Скарзова–халық депутаттарының қалалық Кеңесінің мүшесі. Ол тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ мүдделерін қорғауға сенім білдірген адамдар үшін де жауапкершілік сезіне отырып, алаңдаған болар. Нина Валентиновнаны, оның адамгершілігін, ар-намыстылығы мен өзісіне адалдығын біле отырып, еш ойланбастан: әрине, алаңдағанда қандай деп жауап берер едік.Бірақ ол қорыққандықтан емес, сенімдерінен шықпай қалсам деген алаңдаушылық болатын...
Қолынан келді! Және келгенде қандай! Қазіргі таңда, 46 еңбек жылын мектепке берген Нина Валентиновнаны үлкен әріпті Мұғалім ретінде сыйлап, құрметтейді. Оның даналық кеңестерін тыңдап, кәсіби көшбасшы ретінде ақыл сұрайды. Нина Валентиновна Шахтинск қаласындағы №6 мектептің кәсіподақ комитетін басқарды. Кейін 18 жыл кәсіподақ комитетінің төрайымы ретінде Шахтинск қаласы мұғалімдерінің мүдделерін қорғады.
Кәсіподақ көшбасшысы қандай болу керек? Оған бірмәнді жауап жоқ. Бұл іс көп нәрсеге жауапкершілікті арттырады. Жалпы түсінік бойынша – ақкөңіл, ашық мінезді, ерекше дарынды адам. Көпшіліктің ойынша, жаңа идеяларға құмар, өз кәсіподақ мүшелерін ынталандырып және жігерлендіріп отыруы қажет.
Көшбасшы адамдармен тіл табыса білген жөн. Ақылға қонбайтын жаттанды сөздермен емес, қызметкерлерге түсінікті тілде сөйлесуі қажет. Үйде ана, әйел, қыз, түзде мұғалім және... кәсіподақ көшбасшысы болу оңай емес. Нәзік әйел, Нина Валентиновна, ешқашан ерсі мінез көрсетіп, асқақтап сөйлеген емес, әрдайым алдына келген адамды түсініп, жағдайды шеше білді. Бірбеткейлігі де бар, ақжүректілігін де көрсете білді.
Бұл әйелге таң қалмау мүмкін емес: отбасында да береке, әріптестерінің арасында сыйлы, қыздары да ақылды.
Өз істерінің шеберлері, әріптестері, шәкірттері мен ата-аналары сенім білдіретін құрметті ұстаздар – міне, біз білетін Нина Васильевнаның қыздары осындай! Марина Федоровна да, Инесса Федоровна да алтыншы мектепте отыз жылдан астам еңбек етіп келеді, өз мамандықтарының майталмандары.Нағыздинастия!
Нина Валентиновнаға отбасы мен әріптестерінің құрметіне, сыйластығы мен махаббатына толы ұзақ ғұмыр тілейміз.
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы білім беру
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы