• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС МАМАНДАР АРАСЫН…

ЖАС МАМАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС


«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің Кербұлақ аудандық филиалы мен жанынан құрылған Жастар кеңесі бірлесіп, «INSIGHT» интеллектуалды-спорттық жарысын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жас ұстаздарды бір ортаға шоғырландыру, бос уақытты тиімді пайдаланып, өзара тәжіребие алмасу.
Аралтөбе негізгі мектебінің ғимаратында өткен жарысты аудандық Жастар кеңесінің мүшесі Гүлім Бименқызы ашып, көпшілікті жарыстың кезеңдерімен таныстырып, шараның өту барысын анықтап берді. Қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа білім беру мекемелеріндегі жас мамандар қатысып, берілген реттік номер арқылы топқа бөлініп, интеллектуалды-спорттық жарыстың ережесіне сәйкес топтың атын және ұранын жылдам дайындап, шеберліктерін көрсетті.
Жарыс екі бөлімді және әр бөлім үш кезеңді қамтыды. «Қызықты екен» бөлімінде жас мамандар ұяшықтарға жасырылған қызықты сұрақтарға жауап берсе, келесі кезекте жабық қорапша ішіне жасырынған затты тауып, өз топтарының ұпай санын арттырды.
«Спорт - денсаулық кепілі» атты екінші бөлімде қатысушылар допты кедергілерден алып өтіп, топ мүшелері бір-біріне табыстады. Ал, жастардың білімі мен жылдамдылығы сыналатын кезеңде топ мүшелері секіргішпен секіруін тоқтатпай, жүргізуші айтқан мақалды жалғастырды.
Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаев, жастар Кеңесінің төрайымы Әсем Ильясова және Панфилов атындағы орта мектебінің директоры Серік Қожаханов сынды белсенділерден құралған әділқазы алқалары жүйріктерді анықтады.
Нәтижесінде І орынды «Болашақ» командасы, ІІ орынды «Қыран» командасы, ІІІ орынды «Ұмтылыс» командасы иеленді.
Шара соңында Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Ноғайбайұлы жас мамандардың көрсеткен өнерін жоғары бағалап, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Қатысушылар да өз тараптарынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.



Әсем Нұрмұханбетқызы,Кербұлақ аудандық филиалы жанынан
құрылған жастар кеңесінің төрайымы,Алматы облысы


Жарияланған күні: Қар. 3, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты