• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ Б…

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ


«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ бастамасымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық келісім аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова мен Салалық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен бейне-конференц байланысы арқылы аймақтық семинарлар өткізілуде. Мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында туындаған өзекті мәселелерді түсіндіру, сала қызметкерлерінің сауалдарына жауап беру.

Бүгін, 15 қазанда, бірлескен семинар Шымкент қаласының білім беру қызметкерлерімен өткізілді. Онлайн режимде өткен шараға Шымкент қаласының білім беру басқармасының басшысы Ж.Тәжиева, аймақтағы білім беру ұйымдарының жетекшілері және қаржыгерлері, сондай-ақ, ҚР БжҒМ бюджеттік жоспарлау Департаменті директоры Ж.И.Рахметова, ҚР БжҒМ СҚК педагогикалық кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарма басшысы А.Т.Дюсембаева, Салалық кәсіподақтың Шымкент қалалық ұйымының төрағасы Л.Тұрғынбаева бастаған кәсіподақ активі қатысты.

Семинар-жиынды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева ашты. А.Мұқашева әлеуметтік әріптестікті дамыту сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын тиімді қорғаудың кепілі екенін атап өтті.Ж.Тәжиева жиынға қатысушыларды Шымкент қаласының білім басқармасының атқарған жұмыстарынан ақпарат беріп, өз сөзінде кәсіподақтар тарапынан әлеуметтік әріптестіктің дамуына үлкен үлес қосқанын, сонымен бірге кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әдістемелік және қаржылай көмектерді ерекше атады.Онлайн кездесуге білім саласының 100-ден астам қызметкерлері қатысып, білім және ғылым вице-министріне сұрақтар қойды және толық жауаптарын алды.

Сұрақтар негізінен кезекші сыныптардың мұғалімдеріне жалақы төлеу, тарифтеу және оқу жүктемесі, педагогикалық шеберлік үшін біліктілік санатын беру, ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеу мәселелеріне қатысты болды. Кездесу барысында вице-министр кәсіподақтың ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын әзірлеудегі белсенді рөлін атап өтіп, педагог мәртебесін арттыруға бағытталған заңның ағымдағы жылғы іс-әрекет нәтижелерімен таныстырды.

Б.Асылова 2021 жылғы қаңтардан бастап білім басқармасы органдарының (аудандық, қалалық ББ) бюджеті облыстық білім басқармасына берілетінін еске салды. Министрлік сайтында ең көп қойылатын сұрақтар мен оларға жауаптар орналастырылған. Қаржы басқармасының айқындығы үшін бұлттық бухгалтерия енгізілетінін, пилоттық жоба ретінде Павлодар қаласында бұл бағыттағы жұмыс басталғаны туралы ақпарат берді.

Кездесу нәтижелі өтті, қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарға толық жауапалды.Атап өту керек, дәл осындай семинарлар Атырау, БҚО және Қызылорда облыстарының білім беру қызметкерлерімен өткізілді.

Жарияланған күні: Қаз. 15, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты