ТАЛДЫҚОРҒАН СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің еңбек ұжымымен кездесті.
Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Виктория Никулина 115 қызметкері бар мекемеде жұмыскерлерге толық жағдай жасалынғанын жеткізді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының басшысы Президент Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, ұстаздардың мәртебесін көтеру жолында жасалынып жатқан жұмыстарды баяндады. Еңбек ұжымын Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Бахытгүл Көкенова, Елена Хаустова, Айгерім Әбдіманап, Людмила Калиничева, Елена Гмыза сынды бірқатар кәсіподақ белсенділеріне облыстық ұйымның бағалы сыйлықтары табыс етілді. Сала ардагері Болат Тұрысбеков кәсіптік білім беру мекемесінің қызметкерлеріне батасын берді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-