• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Ұстаз болу - жүрект…

Ұстаз болу - жүректің батырлығы


Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ұстаздардың еңбегі ерен, еңбектері өлшеусіз.


«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім – тәрбие мен үлгі – өнегені барлық күш жігерімен ұғындыратын ерекше тұлға Ұстаз алдында адамзаттың бәрі бас иеді. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымын дәріптеу, еңбегін бағалау, марапаттау Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жылдағы дәстүрі. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып келе жатқан ұстаздардың еңбектерін ескере отырып, ұстаздар мерекесінің қарсаңында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымыз «М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтынбетова Лаззат Шубаевна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.


Білім саласында көп жылдар еңбек етіп, қалалық білім бөлімінде есепші қызметін атқарып, ұстаздардың еңбек ақыларын есептеуде өз ісінің шебері бола білген, ұстаздар қауымына мүлтіксіз қызмет еткен «Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Бекенов Дильмурат Султанович Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.


Білім саласының шаурашылық жұмыстарын мүлтіксіз атқарып келген, мектеп мүлкінің ерекше сақталуына, мектепті таза, қалыпты жағдайда ұстап, ұстаздар қауымының алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік жасап жүрген «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Атаханов Расул, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Шилдебаева Коркем Сарсеналиевна «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.


Ұстаздар қауымына жетекшілік етіп жүрген білім саласы басшылары «Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Таукебаева Марина Турарбековна, «Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Тилеубергенова Шынар Ергалиевна, «Ататүрік атындағы №17 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Урумова Рахила Кенжебековна, «Өркен» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Одаманова Мира Ниязовна, «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Қауымбаева Майя Рахымовна «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.


Білім саласының үздіктері, кәсіподақ комитетінің белсенді мүшелерін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Турманова Диана Абайқызы мереке күнімен құттықтап, алған марапатқа лайық жандар екендігін тілге тиек етті.


Ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын ұлы мереке – ұстаздар күні. Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып рухани бағыт бағдар беруге ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздарға мың алғыс!


Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева

Жарияланған күні: Қаз. 2, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты