TOU қәсіподақ ұйымы жөнінде бірер сөз...
Қызметкердің қуанышы мен қайғысында, қиналған сәті мен кәсіби жетістігінде қай ұйым бірге болады дейсіз? Әрине, ол – кәсіподақ ұйымы. Біздің TOU кәсіподақ ұйымы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Кәсіподақ қызметкерлердің атқаратын жұмысына негізделіп, жалпы өндірістік, кәсіби мүдделеріне байланысты құрылған бірлестік. Бұл бірлестік қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекке байланысты арақатынасын реттейтін заңды және тәуелсіз өкілі.
Ал, біздің кәсіподақ немен айналысады? деген сауал туындауы заңды.
Біздің TOU кәсіподақ ұйымыжұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіп, жұмыскерлердің атынан жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген келісімдер мен ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуын қадағалайды. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасап, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты қоғамдық бақылау жасайға тырысамыз. Кәсіподақ келісім және өндірістегі келеңсіз жағдайларды тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғап, құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңестер беріп, қолдау жасаймыз.
TOU кәсіподақ ұйымышипажай-курорттық емдеу және сауықтыру демалысын ұйымдастыруы мен дамытуға белсенді қатысады, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасылары арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткіземіз. Кәсіптік одақ көптеген өзекті мәселелерді шешу үшін университет қызметкерлерінің бірлестігі болып табылады. Университет қызметкерлері мен ПОҚ, кәсіподақ мүшелеріне өмірлік қиын жағдайларда материалдық қолдау көрсетуге, қол ұшын созуға дайынбыз.
Қазіргі таңда кәсіподақ ұйымының мүшелігінде бес жүздей қызметкер бар. Кәсіподақ мүшелері «Көктем», «Алтын Қарғалы» (Алматы), «Сарыағаш» (Шымкент), «Зеленый бор» (Бурабай), жергілікті «Мойылды», «Энергетик» және «Баянтау» шипажайларында денсаулықтарын нығайтып, балаларын сауықтыру кезінде «Ана мен бала» жолдамалары бойынша әлеуметтік қолдау алды. Мерейтой иелерін құттықтап, қиын өмірлік жағдайларда материалдық қолдау жасаймыз. Университеттің, қаланың және облыстың ПОҚ мен қызметкерлері арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізумен қатар оларға белсене қатысады. Сондықтан болар, жылдың жылы маусымында әріптестеріміз «Сұңқар» спорт кешеніне велосипед айдап, тренажер залында жаттығу жасауға мүмкіндік жасауға тырыстық. Соған қоса, қыстыгүні шаңғы базасында ұжыммен демалу – дәстүрлі шараға айналды. Кәсіподақ жарналары есебінен театрда жаңа жылдық балалар ертеңгіліктері жылда өткізіледі. Қысқасы, тек TOU кәсіподақ ұйымының мүшелері ғана емес, отбасыларына да көңіл бөлінетіні қалыпты жағдай екені бәріне мәлім.
Биыл пандемияға байланысты мүшелердің шешімімен шипажайлық-курорттық емдеуден бас тартып, есебіне ауырған әріптестерімізге көмек көрсетілді.
TOU әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған ұжымдық шартта әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша әкімшіліктің кәсіподақ комитетімен келісуді талап ететін іс-әрекеттері ескертілді. Ол:
- 12 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар әйелдерге, сондай-ақ асырауында 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар әйелдерге ұзақтығы күнтізбелік 3 күнге қосымша ақылы демалыс;
- дене сапасын жақсарту мақсатында университеттің профессорлық – оқытушылық құрамына және қызметкерлеріне спорттық - сауықтыру секцияларында жалақысын сақтай отырып, жұмыс аптасы ішінде дене дайындығымен айналысу, соның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының нормативтік тестілерін сәтті тапсыру үшін бекітілген Ережеге сәйкес аптасына үш рет күніне 1 сағаттан аспайтын С.Торайғыров атындағы ПМУ "Сұңқар" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне тегін бару құқығы;
- ЖОО қызметкерлерінің мереке және демалыс күндеріндегі еңбегіне ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттарға немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, лауазымдық айлықақысынан бір жарым еседен кем емес мөлшерде жүргізілу;
- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына және қызметкерлеріне жұмыс уақытында волонтерлік акцияларға қатысу кезеңінде аптасына 4 сағаттан артық емес, жылына 2 реттен артық емес, жеке жоспарлары мен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жалақысын сақтай отырып, волонтерлік қызметпен айналысуға құқықтың берілуі.
Осы толықтырулардың барлығы TOU ұжымымен және әкімшілікпен бірлесіп талқыланды, алғаш рет Фейсбук және Инстаграм сияқты әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа ұсынылып, жаппай сипатқа ие болды, көптеген ұсыныстар жасалып, өзгерістер енгізілді.
Жуырда ПМУ қызметкерлері кәсіподағының мүшелері шұғыл шешімді талап ететін өзекті мәселелерді, сондай-ақ жұмысты оңтайландыру бойынша болашаққа жоспарларды талқылай алатын кәсіподақ коворкинг орталығының ашылуында куәгер болдық. Жаңа оқу жылының алдында «Баянтау» демалыс орнында таза ауа тыныстап, табысты еңбек етуге ынталанып, біраз сергіп келдік.
Жоғарыдағыны түйіндесек, біздің TOU кәсіподақ ұйымы өзінің бай тарихи-дәстүрін жалғастыра отырып, қазірдің өзінде де жаңару мен жаңғыру жолында екенін белсенді қызметімен көрсетуде. TOU кәсіподақ ұйымы әрдайым Сізбен бірге, кәміл сенімді болыңыз.
Құрметпен, география ғылымдарының
кандидатыӘлкеев Мирас Мағзұмұлы