• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ



«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…» деп дана Абай айтқандай, жауапкершілігі мол мамандықты таңдап, сол жолда аянбай тер төгіп жүрген өз ісіне шебер ұстаздардың бірі - Аятхан Тіршілік.

Аятхан Тіршілік - Ақтөбе облысы, Қобда гимназиясының технология пәнінің мұғалімі. Шығармашыл,еңбекқор ұстаздың 27 жыл еңбек өтілі бар. Осы уақыт аралығында талай шәкірттерді ұлттық қолөнерге баулыды. Ата–баба жолын қуып, ұлттық қолөнерді дәріптеуде ұстаз еңбегі ұшан - теңіз.

Ол жастайынан бойына сіңген қолөнерді қазіргі заман талабына сай лайықтап, жас ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген ұстаз. Жас ұрпаққа қазақтың ұлттық бұйымдарын, атап айтқанда, қамшы, торсық, бес қару, бесік, ат-әбзелдерін жасау жолдарын жақсы меңгертуде. Ұстаздың шәкірттерімен бірге жасаған бұйымдары аудан, облыс, республика көлемінде жүлделі орындарға ие. Шебердің қолынан шыққан «Абат Байтақ» кесенесінің макеті ауданымыздың мұражайының бір бұрышынан ойып тұрып орын алғанын мақтанышпен атап өтуге болады. 2019 жылғы өткен «Мәңгілік елдің-мәдени мұрасы» қолөнер көрмесінде ұлттық бұйымдары І орынға ие болды. Шәкірттерімен бірге қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды дәріптеу мақсатында Орынбор, Қостанай қалаларында өткен көрмеге қатысып, ел алғысына бөленіп қайтты. Елімізде өткен EXPO-2017 көрмесіне қолынан шыққан құнды туындыларын қою арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға қазақ халқының ұлттық дүниетанымын әлемдік деңгейде танытуда зор үлес қосты десек те болады. Облыстық деңгейде өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік класс өткізді.

«Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, тағылымынан өнеге алған шәкірттері де атадан қалған асыл мұраны ұлықтап, әртүрлі жобаларға қатысып жүр. Атап айтсақ, «Торсық жасау», «Көнек жасау», «Қазақтың тымағы», «Қамшы, жүген жасау» тақырыптарында жоба қорғаған оқушылары песпубликалық, облыстық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындарды иеленген.

Аятхан Тіршілік тек ұлттық қолөнерді ғана емес, қазіргі заман талабына сай үй жиһаздарын жасауда алдына жан салмайды. Шәкірттерін де жан-жақты болуға, еңбекке, ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгеруге баулиды.

Ұстаз еңбегі бағаланып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының «Дилом», «Алғыс хатымен марапатталды.




Ә.Кереймағанбетова,Қобда гимназиясының директордың
бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары,Ақтөбе облысы


Жарияланған күні: Шілде 28, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты