• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Кәсіподақ жұмысының…

Кәсіподақ жұмысының аралық қорытындысы


8 маусымда қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымы төрағаларымен өткізілген кеңесте облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының карантин кезеңіндегі жұмысына сараптама жасалды.


Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап кәсіподақ ұйымдары коронавирус індетінің таралуын алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуде белсенді қатысты. Білім беру бөлімінің басшылары, мұғалімдер «Біз біргеміз! - Мы вместе!» атты қайырымдылық акция шеңберінде жоғары азаматтық жауапкершілігін білдіріп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, жеке басты қарияларға көмек ретінде қайырымдылық шаралар өткізді.


Осы кезеңде облыстық кәсіподақ аппаратының, оның филиалдары мен Жастар кеңесінің жұмысы бір күн де тоқтаған емес, бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенділері де белсенді қызмет етті. Жұмыскерлердің еңбекпен қамтылуы, уақытында еңбек ақының төленуі, қашықтықтан жұмыс істеуге жіберілген, бос тұрып қалған жұмыскерлердің заңды құқықтарының жұмыс берушілермен сақталуына апта сайын мониторинг жүргізілді.


Ағымдағы жылдың басынан бастап еңбек ақысы, еңбек қатынастарын реттейтін көптеген құқықтық-нормативтік актілерге өзгертулер енгізілуіне байланысты бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, түсініктеме алу үшін жүгінген қызметкерлердің саны өсті. Тек карантин кезінде ғана кәсіподаққа құқықтық мәселелер бойынша 700-ден астам кәсіподақ мүшесі өтініш білдірді. "Фаворит" мессенджері танымал болды, ол арқылы 76 адам кеңес алды. Жыл басынан бері жалақы мен басқа да төлемдерді қоса есептегенде жалпы сомасы 4,3 млн.теңгеге 811 мұғалімнің құқықтары қалпына келтірілді.


Қашықтықтан жұмыс түріне ауыса отырып, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы жыл бойына жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын жалғастырды. Заңнамадағы өзгерістерге жедел ден қоя отырып, Салалық кеңестің отырысында облыстық Салалық келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.


"Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор" облыстық конкурсы қашықтықтықтағы нысанда өткізілді, Қоғамдық қабылдау жұмысы қызмет атқарды, on-line режимінде 15 вебинар және кеңестер өткізілді, оған 1060 кәсіподақ көшбасшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, жас мұғалімдер мен студенттер қатысты, Жастар кеңесінің үздік логотипі конкурсы, шахмат, тоғыз құмалақ бойынша жас мұғалімдер арасында спорттық жарыстар өтті.


Кеңесте сондай-ақ кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысын және санаториялық-курорттық емделуін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ағымдағы жылы жұмыстың осы бағытының өзектілігі ерекше маңызды. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қалалық және аудандық кәсіподақ филиалдарының төрағалары бұрын санаторлы-курорттық емделуге өтініш берген қызметкерлер арасында сауалнама жүргізді. Олардың 500-ден астамы Қазақстанның емдеу-сауықтыру мекемелерінде кәсіподақ жолдамалары бойынша демалысын өткізу туралы өз шешімдерінің өзгермегенін растады.


Тарих пәнінің жас мұғалімдері үшін Борлы және Сабынды көлдері базасында жоспарланған жазғы археологиялық лагерьді тоқтатуға тура келді. Дегенмен, кәсіподақтағы жастар қозғалысының үздік белсенділеріне 5 күн ішінде Бурабай көлінің демалыс аймағында демалуға мүмкіндік беріледі.


Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының активі жазғы кезеңде белсенді жұмысын жалғастырады. Кеңесте кәсіподақ жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу және қызметкерлердің туындаған сұрақтарына уақытылы жауап беру мәселесі талқыланды.


Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Павлодар облыстық
ұйымықоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Маусым 10, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты