БАСТАУЫШ ҰЙЫМ - БАСТЫ ТІРЕК
Елбасының «Кәсіподақ әрқашан жалдамалы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ықпалды ұйым ретінде болған және болады да» деген сөзі кәсіподақтарға білдірілген зор сенім.
Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты. Қоғамда болып жатқан өзгерістерден шет қалмай, ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым - БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ. Кәсіподақтың жұмысы да бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады.
Бүгін облыстық кәсіподақ ұйымының құрылымындағы колледж, оқу орталықтары, интернат және оңалту орталықтарының бастауыш ұйымдары төрағаларының қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібінде еліміздегі төтенше жағдай кезеңіндегі аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық көмек пен сала қазметкерлерінің әлеуметтік әріптестермен бірігіп шешімін тапқан мәселелері, сала қызметкерлерінің және балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру т.б. жұмыстар жайлы баяндалды. Төтенше жағдай кезінде ұжым мүшелеріне қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына «Құрмет грамотасы» табысталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!
"Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы" ҚБ
-
Фото
-