Алматы облысында «Ұстаз болғым келеді-2020» эссе байқауының қорытындысы жарияланды
Биылғы жыл ұстаздар үшін есте қаларлық жыл болды деуге толық негіз бар. Жыл басында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы қабылданып, мұғалімдердің мәртебесі артты.
Бұл Заңның қабылдануына кәсіподақтар өзімдік үлес қосты. Осы бағыттағы жұмыстарды одан ары жандандыру мақсатында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы дәстүрлі түрде ұйымдастырып жүрген «Ұстаз болғым келеді-2020» байқауын өткізді.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған байқауға қатысушылардың саны арттып, іріктеу кезеңіне 112 эссе жинақталса, оның қорытынды кезеңіне 28 оқушының жұмысы жолданды.
Үш айға созылған байқаудың облыстық кезеңінде «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Алуа Қабдұлова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы Айна Рахимова, «Өлке тынысы» ЖШС басшысы Мейрам Жанәділов, №11 «Құлыншақ» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қымбат Байахметова және облыстық ұйымы төрағасының міндетін атқарушысы Самал Бакирова төрағалық жасап, ағымдағы жылдың 2 маусым күні бейнебайланыс арқылы шынайы жүйріктерді анықтады.
Жоғарғы сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінің мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Аталған шарада облыстық білім басқармасы басшысының орынбарасы Гүлбақыт Қасен сөз алып, білім саласында жұмыс істеген барша педагогтарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, байқаудың өзектілігіне тоқталды. Байқау барысында кәсіподақ өкілдері, мекеме басшылары оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.
Жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені Көксу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аяулым Шәбден иеленіп, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне ұстаз мамандығы бойынша оқуға түскен жағдайда шәкіртақы тағайындалатын сертификатты ұтып алды.
Ал, бірінші орынды Алакөл ауданы, №1 орта мектептің оқушысы Аружан Қабдолдаева, екінші орынды Кербұлақ ауданы, Көксу орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әлия Әкім, үшінші орынды Текелі қаласы, №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Сымбат Әбдісадықова сынды оқу озаттары еншіледі.
Алматы облысық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Самал Бакирова жеңімпаздарға облыстық ұйымның дипломдары мен бағалы сыйлығын табыс етті.
Бас жүлдені иеленген Аяулым Бақытқызы ата-анасынан алған тәрбиесін ұстаз болып, оқушыларды тәрбиелеуге жұмсамақ ниетте екенін айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Алматы облыстық білім және ғылымқызметкерлері
кәсіподақ ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-