ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯЛАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Б.Ә.Әлиевтің және білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен онлайн-конференциялар өткізілді.
Б.Ә. Әлиев онлайн жиындарда келесі сұрақтарға түсініктеме берді:
- қоса атқарылатын жұмыс және лауазымдарды қоса атқару арасындағы айырмашылық;
- жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібі;
- қызметкерлерге нақты жүктеме бойынша ақы төлеу, сонымен қатар қоса атқарылатын жұмыс кезінде;
- бір жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасау;
- жазда еңбекақысыз демалыс берудің заңдылығы;
- еңбек заңнамасын бұзған лауазымды тұлғалардың жауаптылығы.
Аталған мәселелерді талқылағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының Білім беру басқармасының басшысы Ш.М. Кадырова білім беру ұйымдарының жетекшілеріне жоғарыда аталған сұрақтарда заң бұзушылықтардың алдын алу туралы нұсқау берді.