АРДАГЕРЛЕРДІ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Б. Ә. Әлиев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Б. Т. Қасымбергебаевпен, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш. М. Қадыровамен, Гуманитарлық колледждің директоры Е. Т. Сламбековпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.
Ардагерлердің бірі – тыл ардагері Отызбай Сүйіндікұлы.
Отызбай Сүйіндікұлы – 1928 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауылында дүниеге келді, еңбек жолын 1947 жылы Ақмола мектебінде мұғалім болып бастады, 1972-2001 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледжінің директоры болды.
Отызбай Сүйіндікұлымен кездесу жылы және достық жағдайда өтті.
Кездесу барысында ардагерге естелік сыйлықтар табысталды.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй және көктемнің жылуын тілейміз!
Бейбіт аспанүшін рахмет!