• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖ…

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ


Ұстаздық жолын 1992 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, Қызыл-Төбе ауылындағы бұрынғы №18 мектепте бастап, одан кейін Дәулет ауылындағы №19 орта мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жалғастырған Дина Тілепбергенқызы Күлмеханованың еңбек өтіліне биыл 30 жыл толып отыр.
Осы еңбек жолында ол өзіне тапсырылған қандай да болмасын жұмыстарды алғырлығымен, ортамен тез тіл тапқыштығының арқасында ыждахатпен орындап келеді. Атап айтсақ биология пәнінің мұғалімі лауазымымен қатар, 12 жыл мектеп кәсіподағының төрағасы қызметін атқарған кезде, мұғалімдердің шығармашылық қызметінің өсуіне, олардың мектептен тыс өміріне үнемі жағдай туғызып отырды.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болған тұста мектеп оқушыларының тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру қызметімен қатар, сынып жетекшілердің жұмысына көшбасшылық жасап, мектепте түрлі шаралар ұйымдастыра білді. Нәтижесінде мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, мектеп аудан, облыс, республика көлемінде танылды.
Дина Тілепбергенқызы 2015 жылдан бері Мұнайлы ауданындағы «№4 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де директоры. Қазіргі таңда үлкен ұжыммен тіл табысып, ұжымды айрандай ұйытып, ынтымаққа бастай білген білікті директор алдымен мектептегі кадр мәселесінің тұрақталуына, педагогтердің қазіргі жаңа талапқа сай әлеуетінің көтерілуіне жағдай жасап келеді. Мектебімізде педагогика мамандығын таңдаған түлектерді жоғары оқу орнын бітірген соң өз мектебімізге жұмысқа алу үрдіс алған. Қазірге таңда жоғары оқу орнын және колледждерді бітірген бірнеше түлектер тәжірибелі ұстаздармен иық тіресе еңбек етіп жүр.
Дина Тілепбергенқызы оқу тәрбие үрдісімен қатар, мектептің қазіргі заман талабына сай дамуына. Оның гүлденуіне, эстетикалық көркеюіне көңіл аударып келе жатқан бірден-бір басшы.
Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында мектебімізде киіз үй жасақталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлғалар» тақырыбында «Тұңғыш президент», «Әбіштану», «Шәрелхантану» кабинеттері ашылды.
Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде ІТ және «KREATIV ZONE» аймағы ашылды. Кабинет жоғары жылдамдықты интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алуда.
Өз ұжымын, шәкірттерін, жетістікке жеткізген Дина Күлмеханова – тәжірибелі педагог. Тағылымы мол тәлімгер. 2017 жылдан облыстық мәслихаттың депутаты. Депутаттық қызметінде де Дина Тілепбергенқызының Мұнайлы ауданының, облыстың көркеюіне қосқан үлесі зор.
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру мен өлкеміздің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Дина Тлепбергенқызы түрлі деңгейдегі марапаттармен де марапатталған. Отбасында аяулы жар, екі қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана.
Білікті басшы, ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол. Бұған шүбәсіз сенеміз.


Р.Текеева,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-гі Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы

Жарияланған күні: Мамыр 5, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты