• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ПСИХОЛОГ БОЛУ ЖАУАП…

ПСИХОЛОГ БОЛУ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІН АРҚАЛАУ


Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген індет Қазақстан елін де сырт айналып кеткен жоқ. Пандемия кезінде барлық оқушылар уақытша ұйымдастырылған қашықтықтан оқытуға ауысқан. Осымен бірге біздің күнделікті өмір сүру қағидамыз және үйреншікті дағдыларымыз өзгерді. Ел басына түскен жағдайды оқушылар мен ата-аналарды да әбігерге салды.
Бұл тұста, педагог-психологтардың тигізген үлесі, атқарған жұмысы баршылық. Қиын жағдайдың себебі мен салдарын түсіндіріп, Алматы облысының Кербұлақ ауданының психологтары ата-аналарға, мұғалімдерге, оқушыларға қолдау көрсетті.
Қарапайым көрінгенмен бір ұжымның бірлігін, ынтымағының ұйтқысына айналған психологтар түрлі бейнероликтер, презентациялар жасап, қауіпті індеттен қорғану жолдарын нақтылаған. Індетпен күресу жолында аудандық білім бөлімі мен ұстаздар аянбай еңбек етуде.
Қонаев атындағы орта мектептің педагог-психологтары Сүлейменова Арайлым және Мекебаева Эльмираның көңіл күйді жақсарту мақсатында дайындаған «Суреттер әндетеді» атты 3-5 минуттық жаттығу бейнеролигі оқушылардың сабақ арасында серуендеуіне ықпалын тигізді.
«Саусақтар арқылы мінезді анықтау» тестін жасап, білім саласынан бөлек жергілікті тұрғындардың, жасөспірімдердің мінезқұлқын анықтап, қашықтықтан қалыпты өмір сүруіне өзіндік үлес қосты. «Коронавирусты жеңудің ең тиімді жолдары» атты кеңес беру шарасын аптасына бір рет өткізіп, ана-аналар мен оқушыларға жан-жақты мағлұматтар берілді. Бұл бастамалар аудан көлемінде жоғары бағаланып, психологтар елдің алғысына бөленді.
Сонымен қатар, барлық білім ордаларындағы психологтар қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар өздерін қалыпты ұстауы, балалардың толыққанды білім алуына отбасының ықпалы жайында толық кеңестер берді. Айға жетпей-ақ, нәтижесі көрінді. Жауапкершілікті сезіндік. Қарапайым көрінген бұл мамандықтың қоғамдағы рөлі орасан-зор екеніне көз жеткіздік. Кез-келген қиындықты жеңетінімізге сенімдіміз. Өйткені біз біргеміз.


Ә.Әуелбекова,Алматы облысы,
Кербұлақ аудандық білім беруді дамыту
оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

Жарияланған күні: Мамыр 5, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты