"Әр отбасында-өз батыры»
«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере аламыз, біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» Б.Момышұлы.
Биыл Жеңіске 75 жыл. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Бұл жеңіс бүкіл адамзат тарихындағы ең ұлы Жеңіс болды! Шын мәнінде, біздің еліміздің әрбір отбасында осы қорқынышты соғысқа қатысқан адам бар, ол туралы кітаптарда жазылмаған және ән де айтылмаған, бірақ өзінің жақындары үшін ол нағыз батыр болып табылады. Ал егер ортақ Жеңіске оның үлесі болса, онда бұл адам-біз үшін Батыр! Сондықтан да "Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" қоғамдық бірлестігі Жеңістің 75 жылдығына арналған "Әр отбасында-өз батыры" атты байқау жариялады. Байқаудың мақсаты: соғыс жылдарындағы халықтың ерлігін есте сақтау.Елі үшін ерлеген бабаларымыздың батырлығын Тәуелсіз Қазақстанның келер ұрпағының санасына сіңіріп оларға дәріптеу.
Байқау "Жеңіс сыйлағандарға рахмет!" акциясының бір бөлігі болып табылады. Байқау "Үздік шығарма, үздік өлең, үздік эссе номинациялары бойынша өткізілді. Екі ай ішінде облыстың қалалары мен аудандарының білім беру мекемелерінен Білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағының мүшелері өздерінің Ұлы жеңістің 75 жылдығының аясында жазылған эссе, шығарма және өлең шумақтарын ортаға салды. Барлығы мемлекеттік және орыс тілдерінде 71 жұмыс ұсынылды. Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен құрылған 9 адамнан тұратын конкурстық комиссия байқау Ережесіне сәйкес қатысушылардың жұмысын тексеріп бағалады. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар құрметке және қошеметке лайық. Жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасының мүшелеріне оңай болған жоқ, бірақ әр байқауда жеңімпаздар бар және жүлделі орындар былайша анықталды:
Мемлекеттік тілдегі "Үздік шығарма":
1 орын – "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі" КМҚК» оқытушылары А.О.Мукашева, Ғ.З.Ибрагимованың бірлескен жұмысы.
2 орынды – В.М.Тлеубердинова ("Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ)және Қ.Ж. Мусина (Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы) бөлісті.
3 орынды–Р.С.Чекетаева ( Өскемен қаласы «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ) және А.М.Ахбутина (Катонқарағай ауданы «Топқайың орта мектебі» КММ) бөлісті
Мемлекеттік тілдегі "Үздік эссе":
1 орын – А.А.Тауданбекова (Глубокое ауданының "№ 1 Белоусовка орта мектебі" КММ);
2 орын –Г.С.Ахметова(«Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ);
3 орын – Д.А.Рахымжанова («Шығыс Қазақстан облысының Кәсіптік білім беру орталығы» КММ).
Мемлекеттік тілдегі "Үздік өлең":
1 орынды – С.К. Ахботина ((Глубокое ауданының "Малоубинка орта мектебі" КММ), Қ.К.Мақтиев (Алтай ауданы "Серебрянск қаласының орта мектебі" КММ) и Г.А.Баймухаметова (Өскемен қаласы әкімдігінің "Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі" КММ) бөлісті;
2 орын – Б.М.Кошерова ("Риддер қаласының №2 орта мектебі "КММ»);
3 орын – М.Ш.Макетов (Глубокое ауданының "№1 Белоусовка орта мектебі" КММ).
Орыс тіліндегі "Үздік шығарма":
1 орын – Л.М. Зиновьева (Шемонаиха ауданының "Ю.А. Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі " КММ.
2 орын – И.Ш.Искакова (ШҚО ББ" Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті " КММ);
3 орын – С.Г. Якушева (Глубокое ауданының "Тарханка орта мектеп-балабақша кешені" КММ).
Орыс тіліндегі "Үздік эссе":
1 орын – А.С.Кабдолданова (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ);
2 орын – Е.В.Мурашкина (Глубокое ауданының "Опытное поле орта мектебі" КММ
3 орын – И.И.Ермакова (Риддер қаласының "№ 2 орта мектебі" КММ»).
Орыс тіліндегі "Үздік өлең":
1 орын – Е.В. Духанин (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ)
2 орын –О.В. Федорова (Глубокое ауданының "№ 1 Белоусовка орта мектебі" КММ)
3 орынды – А.И.Симоненко (ШҚО ББ "Дарын "Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік дарындылықты дамыту және қосымша білім беру орталығы" КМҚК) және Н.П.Лутай (Алтай ауданының "Средигорное орта мектебі" КММ) бөлісті.
Карантин аяқталғаннан кейін барлық жеңімпаздар лайықты марапатқа ие болады, сондай-ақ барлық қатысушылардың жұмыстары кіретін жинақ шығарылады.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!