ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Салалық кәсіподақ тарапынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілуде.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына қарасты аудандық, қалалық филиалдары аталған акцияға белсене араласып, бүгінгі күнге дейін 89 отбасына 800 мың теңге көлемінде қаржы бөлді.
"Біз біргеміз" акциясы аясында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары еңбек ұжымдарыменбірлесіп, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп жатыр.
Бүгін Көмекші мектеп-интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымы 20 аз қамтылған отбасыға азық-түлік салынған себеттерін табыс етті.
Қайырымдылық акциясы аясында облыстық ұйым кәсіподақ мүшелерін көмекпен қамтамасыз етіп, шараны жалғастырады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы