• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Тарбағатай ауданы б…

Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әрқашанда бірге


Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымында 3347 кәсіподақ мүшесі бар оның ішінде 1581 педагог қызметкерлер болса оның 1766-сы кіші қамту қызметкерлері. Елімізде шектеулерді қарастыратын төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, COVED-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес аудан бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Тарбағатай ауданының білім беру мекемелерінде 1581 педагог қашықтықтан оқуға кірісіп оқытып жатыр. Бұл педагогтар үшін де күтпеген жағдай болды. Алайда ұстаздар қауымы білек сыбанып кірісіп қандайда жағдайда ел болашағы үшін қолдан келгенін жасауда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей барлық қызметкерлер бірлесе жұмыс жасап бұл уақытша қиындықты жеңетіндеріне сеніммен атсалысуда. Бір қатар шектеулерді қарастыратын төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын жүзеге асыру кезеңінде аудандық білім беру бөлімі мен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен екі жақты бірлесе отырып жұмыскерлердің жұмыс орындары мен кадрлық әлеуетіне, еңбекақысына ешқандай нұқсан келтірмеу жағдайы қарастырылды. Қазіргі таңда Тарбағатай ауданы бойынша 70 білім беру мекемесі бар, оның 12-сі балабақша,34-орта білім беру мектептер, 8-негізгі орта білім беру мектебі, 12-бастауыш мектебі, 4-қосымша білім беру мекемесінің жұмыскерлерінің еңбек ақылары мен қосымша төлемдеріне ешқандай да шектеу қойылмай қашықтықтан жұмыс жасап отыр. Аудандық білім беру бөлімінде еліміз бойынша төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында комиссия құрылған, комиссия құрамына аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы енгізілген. Төтенше жағдай шараларын жүзеге асыру кезеңінде жұмыскерлердің еңбекақысы жөнінде және ақылы еңбек демалыстардың күндері және берілу тәртібі туралы, штаттық режимде жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс уақыты туралы, қосымша білім беру мекемелерінің жұмыс уақыты туралы, зертханашылардың жұмыс істеу кестелері жөнінде сонымен қатар жұмыскерлердің кінәсінен емес жұмыстың бос тұрып қалу режиміне ауысқан жағдайда, төлемдері қалай төленетіні туралы телефон мен электронды поштаға көптеген сұрақтар түсуде және оларға толықтай жауап қайтарылды. Тарбағатай ауданының аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әрдайым кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтар мен кәсіби мүдделерін қорғауға, тиісті көмек көрсетуге дайын.

Тарбағатай ауданының білім беру қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының төрағасы С.З.Ахметқалиев
Жарияланған күні: Сәуір 24, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты