БІЗ БІРГЕМІЗ!
Коронавирустық инфекциялық пандемия кезінде карантиндік режим уақытында № 89 «Қыз Жібек»Нұр-Сұлтан қ. балабақшасында тәрбиеленушiлерге online-флэшмоб өткізілді.
Балаларға мұндай іс-шараның өткізу мақсаттары:
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- дене тәрбиесі мен спортқа, жеке жетістіктерге деген қызығушылықты тәрбиелеу;
- балалардың көңілін көтеріп, оларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау;
- шығармашылық белсенділік пен бастаманы дамыту;
- қарым-қатынас дағдылары.
Балалардың ата-аналарына online-флешмобты өткізуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз.
Online-флэшмобты № 89 "Қыз Жібек" балабақшасының "Нұрай" тобының тәрбиешілері Данара мен Динара Едиловалар өткізді.
Данара мен Динара Едиловалар Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесінің мүшелері болып табылады және Кәсіподақ өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады.
БІЗ БІРГЕМІЗ!