Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе ...
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялануына байланысты өз жұмысын жаңа форматта ұйымдастыруда. Облыстық ұйымның төрағалары, заңгерлері тәулік бойы кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастарына байланысты туындаған сұрақтарына жауап беруде, қашықтан жұмыс істеу және карантин тәртіптерін сақтау туралы кеңестер беруде. Төтенше жағдайға байланысты кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделеріне қатысты арыз-өтініштер мен шағымдарды қабылдау электрондық пошта мен әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы жүргізілуде.
Ақтөбе облыстық Аумақтық кәсіподақтар орталығының жанында құрылған штабтың, аудандардағы Жедел штаб комиссиясы құрамдарына кәсіподақ белсенділері мүшелері болып сайланды.
Ақтөбе аумақтық білім беру ұйымдарында «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге сай жұмыстар жүргізіліп келеді.
Білім саласы қызметкерлерінің ауызша және жазбаша өтініштері бойынша 2020 жылдың 13-сәуірінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің «Еңбек ақы мен еңбек нормалары» бөлімінің 6.23 тармағына толықтырулар енгізу арқылы Қосымша келісім жасалды. Қосымша Келісімге қол қойған жақтар «Елде немесе облыста төтенше жағдай режимі жарияланған кезеңде тараптардың кінәсінен емес бос тұрып қалу төлемі, тұрып қалудың алдындағы орташа жалақысы мөлшерінде және оның барлық қолданылу кезеңіне жүргізілсін» деген келісімге келді.
Бүгінгі таңда, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ-не қарасты білім беру ұйымдарында жұмыстың бос тұрып қалу фактілері анықталған жоқ.
Білім мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ мамандарымен арақашықтықтан құқықтық көмек көрсету жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың аталған уақыты аралығында телефон және ватсап арқылы 593 ауызша, 28 жазбаша құқықтық көмек көрсетілді.
Құқықтық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында, аудандық және бастауыш кәсіподақ төрағаларымен бірлесіп ашылған чаттарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талданады, сұрақтарға жауаптар беріледі. «Фаворит калкулятор» республикалық желісіне, Инстаграмм парақшасындағы дайрикке келген сұрақтарға да жауаптар беріліп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ чатымен байланыс үнемі жүзеге асырылып тұрады. Жолданған қажетті ақпараттар аудандық және бастауыш кәсіподақ басшыларына дер кезінде жеткізіліп отырады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымы «Сұрақтарға жауап береміз» айдарымен әлеуметтік желі арқылы бүгінгі таңдағы жағдайға байланысты еңбек қатынастары сұрақтары бойынша құқықтық және заңгерлік кеңес беру қызметін көрсетіп келеді, мысалы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Кешкі әңгіме» ток шоуы тікелей эфирінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Сұлтанғалиева әріптестерімен бірге Н.Қартжан, Н.Бердыбаев, Қ.Сатыбалдина, Р.Жалтырбаева 2000-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде кәсіподақ ұйымының қайырымдылық шаралары, төтенше жағдайда қандай көмектер ұсынылатыны, кәсіподақ мүшелерінің демалысы туралы, жазғы балалар лагеріне жолдама т.с.с. сұрақтарға толық мәліметтер берді. Алдағы уақытта да бастауыш кәсіподақ ұйымы өз жұмысын жалғастыратынын айтып өтті.
Облыс көлемінде, аудан орталықтарындағы, шалғай ауылдардағы білім ордаларында кәсіподақ мүшелерінің жеке белсенділігімен 9000-ға жуық бетперделер тігіліп, таратылды.
«Біз біргеміз!» акциясы аясында облыстық, аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымдары бетперделер, дезинфекциялық және антисептикалық құралдар алуға 1 817 000 теңге ақша бөліп, мұқтаждарға таратылды, білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жатқан көп балалы, аз қамтылған отбасының кәсіподақ мүшелеріне, еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге үйлеріне барып, қаржылай, азық-түліктей қайырымдылық көмектер көрсетілді. Мысалы, Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы 25 отбасына, Шалқар аудандық ұйымы 20 отбасына, Темір аудандық ұйымы 8 отбасына, Ойыл аудандық ұйымы 5 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті, барлығы 780 000 теңгеге.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары да қайырымдылық көмек көрсетуден қалыс қалмады. Мысалы, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжі, Шалқар аграрлық-техникалық колледжі және Ақтөбе қаласының №19 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдары ақша бөліп, бетперделер тігіп, дезинфекциялық және антисептикалық құралдар алып, мұқтаждарға таратты, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымы 8000 теңге қаржы бөліп, 2 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Кәсіподақтан барлығы 2 443 000 теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар жүйелі және тұрақты түрде жүргізіле береді.
Салалық кәсіподақтың бастамасымен төтенше жағдай жарияланғаннан бері әр бес күн сайын (1-нен 5-не дейін, 6-нан 10-на дейін, 11-нен 15-не дейін, 16-нан 20-на дейін, 21-нен 25-не дейін, 26-нан 30-на дейін) білім беру ұйымдарындағы еңбекпен қамту жағдайы туралы мониторинг өткізіп отырмыз және бұл мониторинг карантин біткенге дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымына қарасты білім мекемелері бойынша:
- бос тұру режиміне ауыстырылған қызметкерлер жоқ;
- жыл сайынғы еңбек демалысына жіберілген қызметкерлердің саны мектепке дейінгі ұйымдарда 1739, жалпы орта білім беру ұйымдарында 1068, қосымша білім беру ұйымдарында 663, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 195, барлығы 3665 адам;
- жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген қызметкерлердің саны мектепке дейінгі ұйымдарда жоқ, жалпы орта білім беру ұйымдарында 1, қосымша білім беру ұйымдарында 6, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 16, барлығы 23 адам.
Жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту режимінде жұмыс жасауда. Мектепке дейінгі ұйымдар және бірнеше қосымша білім беру ұйымдары жұмысын тоқтатып, қызметкерлері жыл сайынғы кезекті еңбек демалысына жіберілді, ал жұмыстағы қызметкерлердің толық жалақылары сақталуда. «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, «Аяла» Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы толық жұмыс жасауда.
Кәсіптік және техникалық білім беру, орта білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары негізгі лауазымдық қызметтеріне сәйкес, яғни пән мұғалімдері, білім алушыларға қашықтықтан оқыту режимінде білім беруде. Әрине, қиындықтар туындауда, соған қарамастан оқушыларға білім беріп, кәсіподақ мүшелерінің жағдайын жасап, мұқтаждарға көмек қолын созуда.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен филиалдары короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау шараларын жалғастырады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-