• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «Біз біргеміз, Бірл…

«Біз біргеміз, Бірлік түбі-береке!»


Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты білім саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын, оның ішінде еңбекақы төлемі, бос тұрып қалу режимінде қалудың жолдары мен заңдылықтарын түсіндіру мақсатында бірқатар жауапты жұмыс түрлері жүргізілуде. Атап айтсақ, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова, құқықтық қызмет бойынша маманы Н.С.Храмова әлеуметтік әріптестермен үнемі байланыста отырып, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың заңды орындалуына байланысты кеңестерді беріп келеді.


Төтенше жағдай кезеңінде кәсіподақ мүшелерінен жазбаша, ауызша, әлеуметтік желілер арқылы сұрақтар да аз болмады. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бос тұрып қалу жағдайында жалақының төленуі, ақылы еңбек демалысының берілу тәртібі мен дұрыс есептелуі бойынша болды. Әрине, кәсіподақ ұйымы кез-келген өтінішті қараусыз қалдырмай, заң шеңберінде шешуге қолдау көрсетіп келеді. Кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі-кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау және заңсыздықтарға жол бермеу.


Бірлік түбі-береке!Еліміздегі төтенше жағдай адам баласының қай жағынынан да болмасын өзіндік жағымсыз әсерін беретіні сөзсіз. Осындай сын сағаттарда "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы мен Түпқараған аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымыкоронавируспен күрес жағдайында білім саласындағы мектепке дейінгі және мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен бірлесе отырып қайырымдылық шараларын өткізді. Қалалық, аудандық білім саласының еңбек ардагерлері мен аз қамтылған отбасы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы азаматтарына қолдау көрсетілді.


Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалы, 16 сәуір күні білім беру саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын ескере отырып 100 кәсіподақ мүшелеріне 420000,00 мың теңге көлемінде азық-түлік себеттері берілсе, Түпқараған ауданы филиалы 22 аз қамтылған отбасына, 14 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және 4 зейнеткерлерге, яғни барлығы 40 адамға аудандық кәсіподақ ұйымының жанынан 5000 мың теңге көлемінде қаржы бөлді. Осы бөлінген қаржыға аудан орталығында орналасқан «Айбар» шағын маркеті сауда орталығынан және С.Шапағатов ауылында, Таушық ауылында, Қызылөзен ауылдарындағы сауда орталықтарынан өздеріне қажетті тағамдарды, тұтынатын тұрмыстық заттарды алды.


Мұндай игі-іс шаралардың куәсі болған қызметкерлеріміз кәсіподақ ұйымдарына өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.


«Біз біргеміз» , «Біз үйдеміз» !!!


«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ

Жарияланған күні: Сәуір 17, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты