• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Студенттер универси…

Студенттер университет қамқорлығында


Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшкені белгілі. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттерінің дені аман-есен үйлеріне жеткен.


Дегенмен, шетел студенттері, оның ішінде Қытай, Ресей Федерациясы және Монғолия, сонымен қоса, Алматы қаласынан келіп, білім алып жатқан студенттер карантин кезінде университеттің №3 студенттер үйінде тұрып жатыр.


Университет ректоры Жасұлан Шаймарданов төтенше жағдай жарияланған бірінші күнінен-ақ, студенттердің жағдайына аса мән беріп, әрқайсысын жеке бөлмелерге орналастырып, толығымен оқуға қажетті техникамен қамтамасыз етті.


Бірінші Проректор Сауле Рахметуллина бір сәтке жатақханадағы студенттерді есінен шығармайды. Алгортимге сәйкес, күнде сағат 16.00-де болатын онлайн-жиналыста есеп алып отырады.


«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, университет басшылығының бастамасымен, игі істер жалғасын тапты. Оқу орнының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шахрам Солтанбекова, «FOUNDATION» деканы Гүлнар Муслиманова, Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасының қызметкерлері жатақхана тұрғындарына қажетті азық-түлік себеттерін табыстады. Жағдайларын біліп, карантин талаптарын сақтауды және кез-келген уақытта, сұрақтары болса, хабарласып тұруларын өтінді. Күнделікті әр декан олармен тығыз байланыста.


Тағы бір айтарым, Университет тарапынан студенттердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Медициналық орталықтың фельдшері Мадина Кәкімова жатақханада күнделікті қалған студенттердің денсаулығын тексереді, оларға дүниені дүр сілкіндіріп отырған індеттің алдын алу шараларын түсіндіруден жалықпайды. Денсаулықты нығайту, көктемгі уақытында дәрумендердің ағзаға тигізер пайдасы жайлы да кеңестерін береді. Студенттердің сұраулары бойынша денсаулыққа байланысты әр түрлі тақырыпта әңгімелесулер ұйымдастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, уақтылы дезинфекция жасалуын қадағалайды. Әр студент бөлмелерінің ауасын желдетіп, тазалықты сақтайды. Комендант Шынар Назарбаева да бар ықыласын жатақхана тұрғындарына арнайды. Көмегін аямайды.


Қамқорлыққа алынған студенттер қашықтықтан оқытуға үйренгендерін айтып, өз кезегінде қамқор болған басшылыққакәсіподақ ұйымына ризашылықтарын білдірді.


Біз де, студенттеріміздің аман-есен отбасымен қауышуын қалаймыз!


Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бастауышкәсіподақ
ұйымының төрайымы Ш. Солтанбекова

Жарияланған күні: Сәуір 16, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты