• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА ЖАҒДАЙ ҚАЛ…

ЖАМБЫЛДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ, МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА


Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының онлайн форматтағы кезекті жұмысшы кеңесі өтті. Құқықтық еңбек инспекторлары, аудандық филиал жетекшілері қатысқан жиында қауіпті індеттің таралуын шектеу шараларының бірі ретінде білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру барысында сала өкілдерінің еңбек қатынастарындағы түйткілдерді реттеу мәселесі сөз болды.


Атап айтқанда, қашықтықтан оқыту форматына көшкен педагогтардың,жұмыстың тоқтап қалу режиміне, қысқартылған жұмыс күніне ауыстырылған, кестеден тыс еңбек демалыстарына жолданған, сондай-ақ 06.04.2020 жылдан дәстүрлі жұмыс жағдайын бастаған қызметкерлердің жай-күйі мен оларға жалақы, өзге де тиесілі төлемдер жүргізу шаралары талқыланды.


Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қызметкерлер жұмыстың тоқтап қалу режиміне ауыстырылған жағдайда ауылды жерде істейтін мамандарға төленуі тиіс 25% үстеме ақының сақталатынын, ал ерекше жағдайда еңбек еткені үшін республикалық бюджеттен төленетін 10% үстеме ақының есепке алынбайтынын айтты. Сонымен бірге, қашықтықтан оқыту қарастырылмаған немесе оны ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ қосымша білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын педагогтар мен қызметкерлерді мүмкіндігінше төтенше жағдай кезеңіне жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытына ауыстыруды ұсынды.


Жиында барлық филиал жетекшілері өз аймақтарындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті. Әріптестердің ақпаратын ақтарар болсақ, облыстағы балабақшалардың барлығы карантинге жабылған, кейбір мектепалды даярлық топтары қашықтықтан оқытуға көшкен. Бірқатар аудандарда балабақша қызметкерлері толық жалақысы сақталған күйде үйлерінде отырса, кейбір аудандарда еңбек демалысына жіберілген. Мектептер қашықтықтан оқыту мен телеарналар арқылы оқыту жүйесіне көшкен. Бірқатар аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендегі мектептер пошта қызметі арқылы оқуда. Жалпы жағдай қалыпты.


ЖОО-на келетін болсақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті қашықтықтан оқыту форматында қалыпты жұмыс жасауда. Ал М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 630 ПОҚ қашықтықтан дәріс беруде, 236 қызметкер еңбек демалысына жіберілген. Университет әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы төтенше жағдайға байланысты жатақханада тұрып жатқан 149 шетелдік студентті азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.


Жиынды қорытындылаған Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков еңбек дауларының алдын алу мен педагогтарға лайықты жалақы төленуін бақылауда ұстап тұруды, түсінбеушіліктер орын алған жағдайда төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі штабты хабардар етуді нықтап тапсырды.


Бүгінде Жергілікті кәсіподақтың Құқықтық қызметі білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезіндегі қызметін ұйымдастырумен байланысты мекеме басшыларының тарапынан қабылданатын бұйрықтардың бірнеше үлгілерін дайындап, электронды нұсқада үлестірді. Олардың қатарында бүгінгі күні жұмыс берушілер үшін ерекше өзекті болып отырған «Қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы», «Жұмыскерлерді бос тұрып қалу жағдайына ауыстыру туралы», «Жұмыскерлерді толық емес жұмыс уақытына ауыстыру туралы» бұйрықтың үлгілік нұсқалары бар.


Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Сәуір 10, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты