• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА ОНЛАЙН ЖИЫ…

ЖАМБЫЛДА ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТТІ


Бүгін Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының аппараты, филиал мәртебесіндегі аудандық ұйымдар мен құқықтық еңбек инспекторларының қатысуымен онлайн форматта жұмысшы кеңесі өтті.


Кеңес барысында алғашқы болып сөз алған Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының білім беру ұйымдарының басшыларына, әлеуметтік әріптестерге үндеу жасағанын айтып, осы Үндеу мәтінімен барлық жұмыс берушілерді таныстыруға шақырды.


- Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты жұмыскерлердің еңбекақысы жөнінде көптеген сұрақтар туындауда. Осындай қиын жағдайда сала қызметкерлерінің әл-ауқаты, жұмыс орындары мен кадрлық әлеуетін сақтау мақсатында еңбек және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешуге әлеуметтік әріптестік актілерінің шарттарын орындауға тиіспіз. Үндеуде айтылғандай жалақы сала қызметкерлерінің басым бөлігінің жалғыз табыс көзі, - деді Кәсіподақ төрағасы.


Салалық кәсіподақтың жасаған Үндеуінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткен кәсіподақ төрағалары мен белсенділері қашықтықтан жұмыс істеу барысында барлық бастауыш ұйымдармен, жұмыс берушілермен және жергілікті басқару органдарымен тығыз байланыста екендіктерін жеткізіп, еңбек дауларын болдырмау мақсатында жұмыс істеп жатқандықтарын білдірді. Каникул кезінде кәсіподақ ұйымдары волонтерлық қызмет көрсетіп, медициналық маска тіктіру, азық-түлікпен қамтамасыз ету сынды барлығы 2819400 теңгені құрайтын қаражатқа көмек жасағандарын айтып өтті.


Кеңес қатысушылары ендігі негізгі көмек ол - бүгіннен басталған оқу жылының 4 тоқсаны ойдағыдай өту үшін ұстаздарға барлық жағдайды жасау мен олардың еңбек құқықтарының бұзылмауы мен жалақыларының сақталуын басты мәселе ретінде атап өтті. Жиында Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбеков колледждер толықтай қашықтықтан білім беру форматына өткендігін, мектеп-интернаттар мен қосымша білім беру мекемелері девианттық және ақыл-ойында кемістігі бар балалардың болуынан туындайтын қиындықтарға қарамастан қашықтықтан білім беру форматына көшетінін жеткізді.


Аудандық филиал жетекшілері өз аймақтарындағы ахуалмен таныстырып, қашықтықтан жұмыс барысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететіндіктеріне сендірді.


«Еңбекші»-ақпарат
Жарияланған күні: Сәуір 6, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты