BIZ BIRGEMIZ
Елімізде болып жатқан індетті алдына алу мақсатында қабылданған төтенше жағдайларға байланысты Алматы облысында «Біргеміз Жетісу» қоғамдық қоры құрылып, облыс көлемінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты қариялардың үйіне азық-түлік салынған себеттер жеткізілуде.
Осы бастаманы Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы және аудандық, қалалық филиалдары бірлесіп, кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсету шараларын жалғастыруда.
Күні кеше 6 отбасына көмек көрсетілген болса, бүгінгі күні көмек алушылар қатары тағы 6 отбасымен толықты. Алакөл, Ескелді аудандары мен Текелі қалалық филиалдарының төрағалары көмекке мұқтаж кәсіподақ мүшелерін азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Аталған шара барысында көмек алушылар алғыстарын білдіріп, елдің аман болуын тіледі.
Бастама ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасып, кәсіподақ тарапынан білім саласының қызметкерлеріне мүмкіндігінше көмек көрсетілмек.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі