Нұр-Сұлтан қаласында Аймақтық келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан қаласының білім Басқармасымен Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасында 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Аймақтық келісімге қол қойылды.
Аймақтықкелісім білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін Тараптар өкілдерінің өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған.
Келісім күші:
- Басқарма мемлекеттік уәкілетті орган болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарына және олардың басшыларына;
- Кәсіподақ мүшелері болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қолданылады.
Аймақтықкелісімнен туындайтын ережелер Тараптар үшін міндетті болып табылады және оқу орындарында әкімшілік пен бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалған кезде жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс.
Келісімде:
- Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Аймақтық комиссия комиссияның құрылуы;
- жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастары;
- кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары;
- жұмысшыларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсету тәртібі;
- білім беру ұйымдарындағы жұмыс және демалыс уақыттары;
- еңбекке ақы төлеу және нормалау;
- кепілдіктер мен өтемақы;
- еңбек және денсаулықты сақтау;
- кәсіподақ қызметінің кепілдіктері;
- әлеуметтік серіктестіктің тиімділігін арттырудағы Тараптардың міндеттемелеріқарастырылған.
Келісімнің кейбір ережелерінетоқталатын болсақ:
Орта жалпы, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған бес күндік және алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақыты режимі.
Бес күндік жұмыс аптасы бар білім беру ұйымында мұғалімдердің сенбідеболуы шарттары.
Оқытушылардың өз қалауы бойынша жұмыс аптасының күндері мен оқу сағаттарын, міндеттерден және тәрбие жұмысының жоспарларында қарастырылғаніс-әрекеттерден босатуы (Келісімнің 5.1.3-т.).
Оқушылардың каникулдары кезеңінде оқытушыларды жұмыс беруші каникулдар алдындағы оқу жүктемесінен аспайтын мерзімде педагогикалық қызметке және ұйымдастыру жұмыстарына тартылады(Келісімнің 5.1.11-т.).
Ақылы еңбек демалыс берудің кәсіподақпен келісімі бойынша ұйымның басшысы бекіткен демалыс кестесіне сәйкес белгіленеді (Келісімнің 5.1.13-т.).
Еңбек шартында және ұжымдық шартта ұзақ мерзімді жұмыс, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды орындау, сондай-ақ басқа сипаттағы жұмыстар үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы белгіленуі мүмкін (Келісімнің 5.2.2-т.).
Оқытушылардың кезекшілік орындау тәртібі (Келісімнің 5.4-т.).
Каникул кезіндегі мұғалімдердің жалақысы еңбек демалысы басталғанға дейін белгіленетін жалақыға негізделеді (Шарттың 6.10 тармағы).
Тараптар қызметкердің кінәсінен емес жұмыстың тоқтап қалуы жағдайда, оларға қосымша, үстеме және көтерме ақыларсыз ағымдағы жалақы мөлшерінде ақы төленетіндігі туралы келісті (Келісімнің 6.20-т.).
Осы ережені Тараптардың Аймақтық келісімге қосуы төтенше жағдай кезінде жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауға байланысты өзекті болды.
Енді, жұмыс уақыты тоқтап қалу жағдайында (жұмысты уақытша тоқтату), ҚР Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс беруші кәсіподақ мүшелері болып табылатын барлық жұмысшыларды (қоса атқарылатын жұмысты қоса) – үстемеақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда, қазіргі жалақыны сақтауға міндетті.
Азаматтық қызметші болып табылатын қызметкерді зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде, егер ол бұрын аталған өтемақыны алмаған болса, жұмыстан шығаруына байланысты жұмыс беруші бір лауазымдық айлық (тарифтік ставка) мөлшерінде жәрдемақы төлейді (Келісімнің 7.1.4-т.).
Оқу орындарының жұмыс берушілері үнемделген қаражат есебінен қызметкерге мынадай жағдайларда және мөлшерде материалдық көмек көрсетуге құқылы (Келісімнің 7.4-т.):
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы – 20 АЕК;
2) некеге тұру – 10 АЕК;
3) бала туылған, бала асырап алған – 20 АЕК;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) – 15 АЕК;
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру – 15 АЕК.
Кәсіподақ комитетінің мүшелері білім беру ұйымының тарифтеу, педагогтарды аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау, әлеуметтік сақтандыру және басқа да комиссиялардың құрамына, сондай-ақ педагогикалық этика жөніндегі кеңеске енгізіледі (Келісімнің 9.12-т.).
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын және еңбек құқығы нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ҚР Еңбек кодексінің 155-бабына сәйкес, қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды Кәсіподақ құқылы (Келісімнің 10.2-т.).
Мұғалімнің мәртебесі мен әлеуметтік кепілдіктерін айқындау үшін келісімде «Педагог мәртебесі туралы» ҚР жаңа Заңының талаптары көрсетілген.
Аймақтық келісімге қосымша ретінде келесі құжаттар бекітілді:
1. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясы туралы Ереже (№ 1 қосымша);
2. Жұмыс берушілер актілері мен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы шешімдер қабылдағанда сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірін ескеру мен келісім алу тәртібі (№ 2 қосымша);
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы Ереже (№ 3 қосымша);
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы (№ 4 қосымша);
5. Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін берілетін қосымша ақыға, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына құқығы бар қызметкерлер тізімі (№ 5 қосымша);
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар төлеу Ережелері (№ 6 қосымша);
7. Толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт үлгісі (№ 7 қосымша);
8. Арнайы киім, аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз етілетін жұмысшылар лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі (№ 8 қосымша);
9. Қызметкерлерге жуу және залалсыздандыру құралдарын тегін беру нормалары, оларды тарату шарттары (№ 9 қосымша);
10. Сабын, жуу және залалсыздандыру құралдарын тегін алу құқығына ие жұмыстар мен кәсіптер тізбесі (№ 10 қосымша);
11. Еңбекті қорғау жөніндегі келісім (№ 11 қосымша).
Келісімге қол қою Нұр-Сұлтан қаласының білім Басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы қарым-қатынас елорданың білім беру саласындағы міндеттерді шешіп қана қоймай, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауы үшін қолайлы жағдай туғызатындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген Аймақтық келісім – бұл кәсіподақ мүшелеріне қолданылатын құқықтық акт. Келісім 2020 жылдың 13 наурызында қол қойылған күннен бастап күшіне енді және 2020-2022 жылдар аралығында әрекет етеді.
Келісімнің ережелері әлеуметтік серіктестік Тараптары үшін міндетті болып табылады.
Аймақтық келісімнің толық мәтінін, сондай-ақ Аймақтық комиссия отырысының материалдарын «Әділет» Кәсіподағының ресми сайтында келесі сілтеме арқылы таба аласыз: http://profadilet.kz/ru/article/index/14/15.