Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік серіктестік комиссия отырысы өтті
2020 жылдың 13 наурызында Нұр Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылған, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының өкілдерінен тұратын әлеуметтік серіктестік жүйесінің тұрақты органы.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ мен «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру қызметкерлерінің «Әділет» кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімді бекіту туралы.
2. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссия туралы Ережені бекіту туралы.
3. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссияның төрағасын сайлау туралы.
4. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссия төрағасының орынбасарын сайлау туралы.
5. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс Жоспарын бекіту туралы.
6. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Комиссияның үйлестірушісін тағайындау туралы.
7. Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындарында ұжымдық шарттар жасау және орындау тәжірибесі туралы.
Жиналысқа қатысушылар шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы төрағасының орынбасары Имангазинова Римма Асымқызы Комиссия төрағасы болып сайланды, Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Әлиев Батыр Әлиев Комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.
Тараптар Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік серіктестік жүйесін одан әрі дамытуға өз үлестерін қосуға келісті.Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
Жаңа келісім, сондай-ақ оның мазмұны туралы түсіндірме әлеуметтік серіктестік тараптарының ресми сайттарында еңбек жөніндегі мемлекеттік органда тіркеу рәсімінен өткеннен кейін қол жетімді болады.
-
Фото
-