ЖАҢА ЗАҢМЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРМАҚ
Жамбыл облысында «Педагог мәртебесітуралы» Заңдынасихаттау, түсіндіружұмыстарықарқынды жүруде. Ұстаздардың қуанышын еселеген Заң осығандейін кәсіподақтың бастамасымен Т.Рысқұлов, Меркі аудандары мен кәсіподақтың Біріккен комитетіне қарасты мекемелер мен ұйымдарда талқыланған болатын. Ендігішара Байзақ ауданында жалғасып, білім саласының қызметкерлері Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында бас қосты.
Жиынға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев, білім беру мекемелерінің басшылары және кәсіподақ өкілдері, экономистер мен есепшілер қатысты.
Семинар-кеңестіашқанКәсіподақтөрағасыЕрұланМағзымбековөзсөзінде«Педагог мәртебесітуралы» заңжобасындаболып, қабылданғаннұсқағаенбейқалғантұстарғатоқталыпөткенсоңаталғанзаңның бар мүмкіндіктерінұстаздарпайдасынатиімдіқолданабілсекұстаздардыңмәртебесіартыпқанақоймай, еңбекақыларыөсіп, алаңсызжұмысістеуінемүмкіндікболадыдегендіайтты.
- «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңыкезең-кезеңмен педагогтардың жалақысын көтеруді, үстеме ақылар төлеуді енгізіп, материалды ынталандыру арқылы мұғалімнің кәсіпқойлығы мен біліктілігіне қойылатын талаптарды да күшейтуде. Осы орайда, заңда көрініс таппағанымен ұжымдық шартта келісілген пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілеріне қосымша ақы төлеу мәселесі оң шешімін табады деп сенемін, - деді Ерұлан Сәбенұлы.
Аудан ұстаздарының атынан айтылған Кәсіподақ төрағасының өтінішін жерде қалдырмаған ауданның бас ұстазы Нұржан Нұралиев алдағы жаңа 2020-2021 оқу жылынан бастап аталған қосымша ақыны төлеп беруге уәде етті.
Келесі сөз кезегін алған Кәсіподақ төрағасының орынбасары-Бас инспектор Берік Баймағамбетов ұстаздардың мәртебесін арттыруға негізделген заңның қабылдануымен салалық заңнамада орын алған өзгерістерге тоқталып, бірқатар пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық педагогтарды аттесттау комиссиясының мүшесі Жанболат Орынбеков педагог қауымның көпшілігін мазалайтын - қызметкерлерді аттестаттаудағы өзгерістер туралы айтты.
Семинар соңында білім бөлімінің басшысы Нұржан Тоқбергенұлы заң қабылданған күннен бастап аудан көлемінде түсіндіру мен насихаттау шаралары өтіп жатқандығын, ұстаз деген ұлы мамандық иелерінің жалақысын уақтылы төлеу, құқығын қорғау, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау әрдайым назарда екендігін жеткізді.
Кездесу соңында кәсіподақ заңгерлерінен сауалдарына жауап алған ұстаздар мен білім мекемелерінің басшыларыбарша педагогикалық қауымның атынан алғысайтып, ризашылық білдірді.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-