«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный қазақ ЖОББ мектебінің мәжіліс залында негізгі орта мектеп директорлары мен оқу – ісі, тәрбие жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп меңгерушілері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, қосымша білім беру мекемесінің басшыларымен кеңейтілген отырыс өтті.
КездесугеТеректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмаков және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова, БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, бас маман – заңгер Гүлжанат Курмангазиева қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесітуралы» Заңы талқыланды.Марат Оразалыұлы заң жобасын жасақтау барысында салалық кәсіподақ ұйымында ұсыныстар жинақтап, заңға енгізілуіне бірқатар жұмыстар атқарылғандығын және білім сапасы мен мұғалімнің біліктілігін арттырудың маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.
Бас маман – заңгер Гулжанат Есетқызы жаңа Заңның негізгі бөлімдеріне жеке тоқталып, жаңа заң аясында өзгерістер енгізілген қолданыстағы кейбір нормативтік – құқықтық актілер туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілі тарапынан еңбек қатынасын реттеуші құқықтық акт болып табылатын ұжымдық шарттардың сапасын арттыруға мән берілуін айтып өтті.Кеңейтілген отырыс күн тәртібіне қойылған мәселелермен жалғасты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-