«Педагог мәртебесі туралы» заңы талқыланды
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қ.Әбенов Темірастау жалпы білім беретін орта мектебінде болып, кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Жаңа қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңды талқылап, ұстаздардың ой-пікірін тыңдады. Туындаған сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын қабылдады.
Сонымен қатар, осы ұжымда бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, 38 жыл қызмет атқарып, соның 26 жылында бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарған Сағынбай Маратбек Кенжебайұлын «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін»төс белгісімен марапаттап, құттықтап, сый-сияпатын табыстады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-