Кәсіподақ қызметкерлер мүддесін қорғауда
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы білім саласындағы қызметкерлердің алаңсыз еңбек етуіне үнемі қамқорлық жасап келеді. Атап айтқанда: апталық жүктемелердің әділ бөлінуі, жалақының төленуі, іс-сапар шығынын жабу, дәрігерлік тексеруден тегін өту. Аудандық кәсіподақ ұйымы білім саласындағы еңбек етіп келе жатқан кіші қызметкерлердің мүддесін қорғап, тиісті мекемелермен жұмыстар жүргізу нәтижесінде биылғы жылы 711 кіші қызметкер медициналық тексеруден тегін өту үшін бюджеттен тиісінше қаражат бөлінетін болды. «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық келісімнің негізінде бірлесе атқарған жұмыстар арқылы білім саласындағы қызметкерлер кәсіподағы ұйымының мүшелері үлкен нәтижеге қол жеткізді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-