«Педагог мәртебесі туралы» семинар-кеңес
2020 жылдың 11 ақпанында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының өкілдері Жезқазған қаласы білім бөлімінің №5 Қ.Шыңғысов атындағы ЖОББ мектебінің кәсіподақ мүшелерімен Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Дархан Жақыпбек заң нормаларын, талаптарын, ұстаздардың құқықтары мен міндеттерін және оларға бағытталған жеңілдіктері мен басым тұстарына тоқталды.Заңды талқылау барысында кәсіподақ мүшелері белсенділік танытып, көкейкесті сұрақтарын қойды.
Жезқазған қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Кунедилова қалалық кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытта кәсіподақ мүшелерін сауықтандыруға бағытталған ауқымды жұмыстары туралы айтты.
Аумақтық кәсіподақ ұйымының бас маманы Раушан Кожабаева кәсіподақ мүшелерін көтермелеу, Салалық кәсіподақтың жоғарғы марапаттары туралы баяндады.
Кеңес соңында кәсіподақ мүшелері ұстаздардың мәртебесін арттыруда «Педагог мәртебесі туралы» заңыныңбелсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы