ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні облыстық Кәсіподақтар үйінің акті залында «Ұстаздан қалған ұлағат» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ шығарған кітап 2019 жылды Ұлт Көшбасшысы және Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылының қорытындысына арналды. Еңбекте Атырау облысындағы білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагогтардың еңбегі мен шығармашылық ізденістері сөз болады. Жас ұстаздардың мақалаларында шәкірт тәрбиелеудегі олардың абыройлы еңбегі жан-жақты баяндалады.
Кітаптың «Ұстаз еңбегі – құрметке лайық!» атты екінші бөлімінде ағымдағы жылдың 28 қыркүйек – Еңбек, 6 қазан – Ұстаздар және 10 қазан – Кәсіподақ күндеріне арналып өткізілген шаралар туралы республикалық мерзімді баспасөзде жарық көрген материалдар топтастырылды.
«Ұстаздық еңбек»
-
Фото
-