• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АУДАНДЫҚ КОМИТЕТТІҢ…

АУДАНДЫҚ КОМИТЕТТІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ


Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Тұрар Рысқұлов аудандық комитетінің кезекті Пленумы аудан орталығындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің мәжіліс залында өтті. Жиынға Пленум мүшелері мен жұмыс берушілер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Алқалы жиында алғашқы болып Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Т.Рысқұлов аудандық комитеті» Филиалы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттың орындалуы туралы сұрақ қаралды. Ұжымдық шарттың орындалуы барысында атқарған жұмыстың есебін аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова берді.
- Аудандық комитет бастауыш кәсіподақ ұйымдары арқылы әр мекеме әкімшілігімен Ұжымдық шарт талаптары негізінде мекеменің нәтижелі жұмысын ұйымдастыруға, одақ мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық құқықтарын, заңды мүддесін қорғауға бағытталған жұмыс атқаруда. Білім саласында жұмыс істейтін барлық қызметкерлер айлық жалақысын уақытылы әрі толық көлемде алып отыр. Заң шеңберінде төленетін қосымша ақылар да төленуде. Бүгінгі күні білім қызметкерлері жыл сайынғы дәрігерлік тексеруден тегін өтеді, лауазымдық жалақыға 25 пайыз қосылып төленуде, іс-сапар шығындары кезең-кезеңімен өтелуде, медбикелерге, зиянды химикаттармен жұмыс істейтін қызметкерлерге 34 пайыз қосымша ақы, кезекті демалысқа шыққан кезде сауықтыруға арналған 1 айлық жалақы төленуде. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан әдістемелік бірлестік жетекшілеріне қосымша ақы төлеуге қол жеткізілді, бір реттік отын үшін бюджеттен төленетін төлемнің көлемі 2000 теңгеден 10 100 теңгеге артты. Ол үшін аудан басшыларына барша ұстаздар атынан ризашылығымды білдіремін, - деді Айнұр Манатбекқызы өз сөзінде.
Ал ұжымдық шарттың орындалуын қадағалау мақсатында аймақтық құқықтық инспектор Тимур Оразбаевтың жүргізген 51 тексерісі барысында 136 еңбек заңдылығын бұзу фактілері анықталған. Айтылған мәліметтерді қосалқы баяндама жасаған аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Самылтыров, М.Әуезов атындағы тірек мектебінің директоры Мадина Сарсенова, Жамбыл орта мектебінің директоры Эльмира Закимбаева, Ақбұлақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Эльза Далешова мен Т.Рысқұлов орта мектебінің мұғалімі, кәсіподақтың жастар қанатының мүшесі Дулат Құдыс қуаттап, нақтылады.
Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша жарыссөзге шығушылардан кейін қорытынды сөз айтқан Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков аудандық комитеттің ілгері басқан жұмысын атап өтіп, білім беру мен ұрпақ тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге жеткен бірнеше педагогикалық ұжымдар мен ұстаздарды облыстық комитеттің Алғыс хатымен марапаттады.
Пленум барысында кәсіподақтық салалық «Еңбекші» газетіне жазылуда белсенділік танытқан аудан әкімдігі білім бөлімінің №1 мектеп-лицейдің, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің, «Балапан» бөбекжай-бақшаның, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп пен Құлан мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы мен ұжымын басылымның Бас редакторы Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Мерейлі жасқа жеткен білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш ұйым төрағалары да ескерусіз қалмады. Аудандық комитет төрайымы Айнұр Манатбекқызы барлық мерейтой иелеріне бағалы сыйлақтар табыс етті.

Перизат БАҚЫТ,
Т.РЫСҚҰЛОВ ауданы
Жарияланған күні: Жел. 27, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты