Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті
2019 жылғы 24 желтоқсан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті .
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитеті мүшелері, облыстық кәсіподақ ұйымы филиалдарының төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.
Облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде төмендегі мәселелер қаралды:
- «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ облыстық комитетінің 2020 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы.
-«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ облыстық комитетінің 2020 жылға істер номенклатурасы туралы.
- «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ облыстық комитеті аппараты қызметкерлерінің қызметтік міндеттері туралы» мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасап, түсіндірме берді. Қаралған мәселелер бойынша Сарыағаш, Отырар, Ордабасы, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Е.Қасым, Ә.Сәдірмек, А.Жолдасов әлеуметтік әріптестік негізінде кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша облыстық басқарма, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп семинар немесе актив жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру және басқа да ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
- Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ облыстық комитетіне 2019 кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, өтініштер арыз - шағымдар бойынша атқарылған жұмыстар, тексерулер және олардың қорытындылары жайлы кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы-заңгер Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады.
- Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің негізгі жабдықтары мен тауарлы-материалдық құндылықтарын түгендеу жүргізу туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева түсіндірме жасады.
Атқару комитеті Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өту жөніндегі атқарылатын шаралар талқыланып, бекітілді.Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.
Сол күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының активі Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының «Кәсіподақ қамқоршым» тақырыбындағы салтанатты іс-шарасына қатысты. Жиналыста кәсіпақ қызметкерлері мен активіне ҚРКФ, Салалық кәсіподақтардың және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының марапаттары табысталды. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Түркістан облысы әкімінің «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
-
Фото
-