Әйтеке бидегі қоғамдық бақылау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтасты, Толыбай орта мектептеріне жоспарлы қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау кезінде ұжым мүшелерінің еңбек шарттары және оқу жүктемелерімен танысып, кейбір құжаттарды толтыру жөніндегі кемшіліктер ескертілді. Сонымен бірге қызметкерлермен кездесіп, шешімін таба алмай жүрген сұрақтарға заң аясында кеңестер берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ