Талдықорғанда үшжақты келісім комиссиясының өкілдері бас қосты
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, облыстық білім басқармасы және облыстық кәсіподақтар палатасының әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров,Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оңалбаевқатысып, келісімнің орындалуы жөнінде ой бөлісті.
Сонымен қатар, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасаның орынбасары Қахарман Жақсылық, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Ормановқатысты.
Аталған жиында облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Нариман Естібаев 2018-2020 жылдарға арналған үшжақты келісім шартта көрсетілген бағыттардың орындалу барысы туралы баяндама жасап, ұстаздар қауымының тарапынан туындаған мәселелерге тоқталды.
Әлеуметтік әріптестік туралы келісім комиссиясының өкілдері айтылған ұсыныстарды тыңдап, оның шешу жолдарын қарастырды.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі