Нұр тілек балабақшасындағы шара
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Нұр-Тілек» бөбекжай-бақшасында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 29 қараша күні «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн атты» акциясы қарсаңында әйел қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Бөбекжай меңгерушісі Г.Бекмурзина «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау - ардың ісі» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы тақырыпқа байланысты жалпы статистикалық мағлұмат беріліп, еліміздегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы баяндалды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ