Құмжарған мектебіне 50 жыл
29-қараша күні Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ЖББОМ - нің 50 - жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының маманы Н.И.Жетпісбай және аудандық кәсіподақ ұйымы төрағасы Е.Ә.Шымқаев қатысып кәсіподақ мүшелерін мерей тойларымен құттықтады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ұзақ жылдар мектепте жемісті еңбек етіп, жоғары нәтижеге жеткен 10 педагог облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды және 5 ұстазға облыстық кәсіподақ ұйымы есебінен шипажайда емделіп, демалуға жолдама беріліп, білім мекемесіне 150000 теңгенің сертификаты табысталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ