• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Елбасы кітапханасын…

Елбасы кітапханасында қала педагогтарының арасында үздік музей сабағына жарияланған «Туған жер – тұнған тарих» шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды


4 желтоқсанда Елбасы кітапханасында қала педагогтарының арасында үздік музей сабағына жарияланған «Туған жер – тұнған тарих» шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру кәсіподағы, «Астана дарыны» ДДжПСО ұйымдастырған сайыс дарынды жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Ол сондай-ақ музейлік педагогика саласына қазіргі технологияларды енгізіп, инновациялық тәжірибе алмасуды қолдауды, білім беру және мәдениет салаларын ұштастыруды, ел егемендігін орнатудағы Елбасының рөлін насихаттауды, музей, архив құндылықтарын дәріптеуді көздейді.


Байқауға қатысу үшін 100-ге жуық өтінім келіп түскен. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар барысында Елбасы кітапханасы музей қорларының материалдарын қолдана отырып, елордалық мектептер мен колледждердің тарих пәні мұғалімдері мен оқытушылары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері Тұңғыш Президенттің қызметі арқылы Қазақстанның жаңа тарихын ашты.


Іс-шараға Елбасы кітапханасы директорының орынбасарыБотагөз Қайыпова,Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессорБүркіт Аяған, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әділет» білім беру кәсіподағының төрағасыБатыр Әлиев, Астана дарыны» ДДжПСО директорыМайра Құрманбаевақатысты.


Байқау қорытындысы бойыншаБас жүлдемен 50 мың теңгелік сыйақыға №77 мектеп-гимназияның мұғалімдері Гүлдана Шәпиева мен Нығмет Алтайбек ие болды.Бірінші орынмен 40 мың теңгелік ақшалай сыйлық Нұр-Сұлтан қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары Айғыз Тұрғанбаева мен Нұрлан Сүйесінов қанжығасына байлады. Ал жүлделіекінші орыннанкөрінген №76 мектеп-лицейінің мұғалімі Бейбіткүл Саирова мен №67 гимназияның ұстазы Бақтықали Бұлғиев 30 мың теңгелік сертификатқа ие болды.Үшінші орынжеңімпаздары Талғат Естемесов (Көлік және коммуникация колледжі), Наталья Важенина және Гүлбақыт Мұханова (№35 «Ертегі» балабақшасы), Шынар Сапарқызы және Ербол Әлиев (№53 мектеп-лицейі) атанды. Оларға 20 мың теңгеден берілді. Қосымша 10 мың теңгелік сертификатпен және «Ғылыми ізденіс шеберлігі» номинациясымен Наташа Әбіл (№8 орта мектебі), «Әдістемелік шеберлігі үшін» номинациясымен Нұрсұлу Досова (№67 гимназия), «Оқушылардың ұшқыр ойлылығы үшін» Әлима Оразалива (№74 мектеп-гимназия) марапатталды.

Жарияланған күні: Жел. 5, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты