Ырғыздағы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Әйелдерге қарсы зорлық пен зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне орай Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әлеуметтік педагогтары арасында №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз отбасы– бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Отбасындағы қатыгездік қарым-қатынас мәселесін шешудің мүмкін нұсқаларын анықтау болды. Дөңгелек үстелге Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбенов Қасымхан Жоланұлы қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын-алу, қиындықтардан шығу жолдары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, тренингтер ұйымдастырылды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ