Алғадағы «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты дөңгелек үстел
1981 жылдан бастау алған Халықаралық «Әйелдерге зорлық- зомбылыққа қарсы күрес!» күні аясында Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Р.Еркусимова «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Г.Жасақбаева, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ. Бошанова және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, ана мен баланы қорғауда және қоғамда қыз-келіншектердің ролін нығайту. Кездесу барысында көптеген мәселелер қарастырылды. Зорлық-зомбылық түрлері және олармен қалай күресу керек екендігі түсіндіріліп, сұрақтар қойылып, қызу талқыланды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ