Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіндегі қоғамдық бақылау
Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы, құқықтық инспектор А.Алимпиев, маманы Н.Жетпісбай «Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі» МКҚК-де қоғамдық бақылау жүргізді. Кадр бөлімінің меңгерушісі Г.Саркулова, бастауыш кəсіподақ ұйымы төрайымы Г.Саламат атқарылған жұмыстармен таныстырды. Кəсіподақ қызметкерлері колледж ұжымымен кездесу өткізіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қойылған сауалдарға жауап беріп, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері бойынша кеңестер берді.