Мұғалжардан Ұстаздыққа қадам
21 қарашада Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы кәсіподақ ұйымы демеушілігімен ауыл мектептеріндегі жас мамандар арасында «Ұстаздыққа қадам» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті жас мамандарды анықтау, қолдау және шығармашылық потенциалын ашу. Байқауға 15 мектептен жас мамандар қатыстырылды. Бас жүлдені Көтібар батыр атындағы негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоқ Әлия Амантайқызы жеңіп алып, 29 қараша күні өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан тисті дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарды білім бөлімі бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Ж.Жумабаева табыстады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ