• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МА…

ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ


Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сай қарашаның 20-21 күндері кәсіподақ үйінің мәжіліс залында Тараз қаласы мен аудандық білім мекемелері мен ұйымдарының қаржы қызметінің мамандарына арналған семинар өтті. «Бюджеттік сала мекемелеріндегі қаржы-шаруашылық қызметінің түйткілдері» тақырыбындағы семинардың алғашқы күні мектепке дейінгі білім мекемелерінің, ал екінші күні облыстық білім басқармасына бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қаржы қызметкерлеріне арналды. Екі күннің ішінде барлығы 58 маман білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Семинар барысында кәсіподақ модераторлары Ерұлан Мағзымбеков, Жанболат Орынбеков пен Берік Баймағамбетов бухгалтердің функционалдық міндеттеріне тоқталып, білім саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын түсіндірді, еңбекақы төлеу мәселесіндегі түйткілдерді Ұжымдық шарттың нормалары арқылы шешудің мысалдарына тоқталды. Ал жұмыс уақытын есепке алу мен орташа жалақыны есептеу тәжірибесінде кездесетін келеңсіз жағдайлар мен олардың алдын алу мәселесін Кәсіподақтың кадр жөніндегі маманы Әлия Джолшибекова түсіндіріп өтті.
Семинар жұмысына арнайы шақырылған Жамбыл облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы Ермек Қарабаев пен Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Ерзат Әліпбаев бюджеттік мекемелер мен ұйымдарда ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары туралы айтты. Құзырлы органдардың өкілдері мемлекеттік аудит барысында қаржы қызметі мамандары тарапынан жиі орын алатын қателіктерді көрсетіп, олардың алдын алудың жолдарын түсіндірді. Келісім-шарттар жасау, іс-сапар шығындарын төлеу, мемлекеттік сатып алу кезінде қолданыстағы заңдар мен бюджеттік кодексті ұстану тақырыбын әңгімеледі.
Сұрақ-жауап сағатында семинар тыңдаушылары түрлі сұрақтар қойып, маман жауаптарын алды. Барлық қатысушыларға семинарға қатысқандығын растайтын куәліктер табысталды.

Бейбіт БЕКНАЗАРОВ,
ЖАМБЫЛ облысы
Жарияланған күні: Қар. 22, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты