• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Алматы облысында жа…

Алматы облысында жас ұстаздар байқауы өтті


Жастар жылына орай Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жас ұстаздар арасында «Кәсіподақ-қолдаушы күш» байқауын өткізді.


Оған аудандық, қалалық филиалдар мен жоғарғы оқу орындарынан 10 команда қатысты.


Талдықорған қаласындағы М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің базасында өтілген шарада Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Нариман Естібаев сөз алып, кәсіподақ тарапынан жас ұстаздарға көңіл бөлініп, түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.


18-29 жас аралығында құралған командалар алдымен өздерін таныстырып, топтың атын және ұрыннын айтты. Келесі кезекте «Біздің күшіміз бірлікте» квест ойыны ойнатылып, қатысушылар берілген құралдарды пайдалану арқылы жасырынған тапсырманы тауып, оны орындады.


Команда үш жас маманнан құралып, «Шынықсаң шымыр боларсың» спорттық жарысында доп алып жүру, скакалкамен секіру, тунельден өту сынды кедергілерді бағындырып, бес ойын түрінен бақтарын сынады.


Одан кейін, «Кім мықты?» команда капитандарының сайысында экранда көрсетілген түрлі-түсті ұяшықты таңдау арқылы берілген тапсырманы анықтады. Видео көрсетіліп, бір минут уақыт ішінде команда капитаны кәсіподақ пен ұстаздарға қатысты шағын мәтін құрап, өздерінің тапқырлықтары мен шеберліктерін көрсетті.


Байқау соңында қатысушылар өнерлерін көрсетіп, жас мамандар қалауына қарай ән айтып, би билеп, көркем сөз оқуы, әзіл немесе ерекше жанрлар арқылы жас ұстаздардың бүгінгі болмысы туралы айтып, педагогтардың мәртебесін көтеруге арналған өз ұсыныстарын білдірді.


Шараға облыстық ұйымның бас маманы Маржан Жұмабек, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсел Асқарқызы, Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі бастауыш кәсіподақ төрағасы Назгүл Шерубаева, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директорыЖайық Тазабекұлы және «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Бақтияр Жақсыкелдинов қазылық жасап, шынайы жүйріктерді анықтады.


Бағы мен бабы шауып, І орынды Көксу ауданынан келген «Көксу кәсіподақ жастары» командасы иеленді. Ал, ІІ және ІІІ орынды І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Құлагер», Ескелді ауданының «Жас қанат» командалары еншіледі.


Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға облыстық кәсіподақ ұйымы дипломдары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.


Алматы облыстық білім және ғылымқызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Қар. 20, 2019
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты